Шіл 08, 2024 21:04 Asia/Almaty
  • Иран Лейден университетінің рейтингінде Түркия мен Сауд Арабиясынан жоғары;  Ислам елдері арасында бірінші орын

2024 жылғы әлемнің ең үздік университеттерінің рейтингі бойынша, Иран Ислам Республикасы ислам елдерінің көш басында болды.

 

Білім сапасы, отандық және шетелдік журналдарда жарияланған мақалалар саны тұрғысынан Иран университеттері әртүрлі әлемдік рейтинг жүйелерінде әрқашан маңызды орындарға ие болды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам әлемі ғылым және технология дәйексөз және мониторинг институтының (ISC) басшысы Сейед Ахмад Фазелзаде: «Лейден рейтингтік жүйесі 2024 жылғы әлемнің үздік университеттерінің рейтинг нәтижелерін жариялады, оған сәйкес ИИР  ислам елдерінің басында орналасқан. 2024 жылғы Лейден рейтингінде ислам елдерінен 164 университет бар. Бұл сан өткен жылы 145 университет болды және олардың арасында Иран осы рейтинг жүйесінде 46 университеттің болуымен бірінші орында тұр. Ираннан кейін Түркия мен Сауд Арабиясы сәйкесінше 40 және 16 университетпен екінші және үшінші орындарда",- деді.

Фазелзаде 1506 әлемдік университеттің соңғы Лейден рейтингіне енгенін айтып, сөзін жалғастырды: "Бұл рейтингке енген Иран университеттерінің саны өткен жылмен салыстырғанда тұрақты".

Ислам әлемі ғылым және технология дәйексөз және мониторинг институтының басшысы: "Теһран университеті, Теһран медицина ғылымдары, Тарбиат Модарес, Иран ғылым және өнеркәсібі, Амиркабир индустриалды, Шәһид Бехешти медицина ғылымдары, Шариф индустриалды, Табриз университеті, Мешхед Фердоуси университеті және Шираз университеті осы жаһандық рейтингте Иранның үздік 10 университеті болып табылады",- деп мәлімдеді.

Тегтер