Шіл 21, 2024 17:26 Asia/Almaty
  • Пезешкиан қарсылықтың ұлы аңызының отбасымен кездесуде шәһид Сүлейманидің жолымен жүруді баса айтады

Иранның сайланған президенті шәһид генерал қажы Қасым Сүлейманидің жолын бірлік пен жанашырлық жолы деп атап: «Біз осы асыл шәһидтің жолы мен мұраттарын ұстануымыз керек»,- деді.

 

Иранның жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкиан шәһид генерал қажы Қасем Сүлейманидің отбасымен кездесіп, әңгімелесті. Parstoday хабарлауынша, бұл кездесуде Пезешкиан шәһид Сүлейманидің жоғары дәрежесіне құрмет көрсете отырып, оны күрес үлгісі деп атады.

Бұл кездесуде шәһид Сүлейманидің отбасы да Қасым Сүлеймани  қызметтеріне сілтеме жасап: «Шәһид Сүлеймани бүкіл өмірін Иран халқына қызмет ету үшін берді және оның «Менің және мен сияқты адамдар өмірі  Иран халқы үшін мыңдаған рет құрбан болды» деген сөзі бар еді»,- деп еске алды. Шәһид Сүлейманидің жанұясы да қарсыласу ағымына назар аударуды және Сардар Сүлейманидің абыройлы жолын жалғастыруды Иран халқының жаңа үкіметтен қойған талаптарының бірі деп санап: «Алла қаласа, адамдарға қызмет ету жолынла шәһидтер сендерге сәттілікке жетуге көмектеседі»,- деді.

Осы шынайы кездесудің соңында шейіт Сардар Сүлейманидің жанұясы халықтың сайланған президентіне ескерткіш ретінде Қарсыласу шәһидтері жетекшісінің суретін тарту еткенін айта кету керек.

Қажы Қасым деген атпен танымал генерал-лейтенант Қасем Сүлеймани (1335-1398) Құдс күштерінің бұрынғы қолбасшысы және сионистік режим мен Америкаға қарсы Батыс Азиядағы қарсыласу осі болды. Ирак пен Сирияда ДАИШ пайда болғаннан кейін осы аймақтарда болу және осы екі елдің үкіметтерімен бірлесе отырып халықтық күштерді ұйымдастыру арқылы ДАИШ лаңкестік тобына қарсы күресіп, басып алынған аймақта ДАИШ режимін жоюда ерекше рөл атқарды.  

Әскери тактиканы жүзеге асырып, отаршылдық жоспарларын жолын кесудегі шеберлігі мен зерделілігі «көлеңкелі генерал» атағын алды. Ақырында, генерал Сүлеймани 63 жасында 2020 жылы 3 қаңтар, жұма күні таңертең Иракта Американың лаңкестік операциясында шәһид болды. Бұл оқиға Иранның Ирактағы Американың негізгі базасы Айн әл-Асад базасына зымыран атып, содан кейін Батыс Азиядағы американдық әскери күштерге қарсы бейресми шайқас бастауына себеп болды.

 

Тегтер