"Махаббатымның серігі"; Имам Хаменеидің жаңа өлеңі
(last modified Sun, 08 Sep 2024 11:24:41 GMT )
Қыр 08, 2024 17:24 Asia/Almaty

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің «Шарх-е Хал» (өмірбаян) атты жаңа өлеңі оның мақұлдауымен «Революция поэзияның әмині» атты кітапта жарық көрді.

 

Биылғы Рамазан айында ақындардың Ислам революциясының жетекшісімен кездесуінде Иранның көрнекті ақындарының бірі, жуырда "Революция поэзияның әмині" атты кітапты құрастырып басып шығарған Мұхаммад Хұсейн Ансаринежад   имам Хаменеиден осы кітаптың жаңа басылымында жариялау үшіни әлі жарияланбаған ғазалын беруін сұрады. Революция жетекшісі Ансаринежадты жоғары бағалап, бұл ұсынысқа келісіп, ақынға өз ғазалын берді.

Айта кетейік, "Революция поэзияның әмині" кітабында ирандық шиіт заңгері әрі ойшылы аятолла Алиреза Арафидің, Тегеран университетінің профессоры Ғұлам Әли Хаддад Адельдің, парсы тілінің зерттеушісі әрі ұстазы Мұхаммад Реза Сангридің баяндамалары жинақталған.

Бұл кітапта, бір жағынан, аятолла Хаменеидің революциялық поэзияның дамуындағы орны мен әдеби тұлғасы, оның сөздері мен нұсқауларының соңғы онжылдықтардағы поэзияның жалпы бағытына тигізген ықпалын ескерілді. Басқа жағынан, оның ақындық және дербес әдеби мінезі, көптеген поэзия мен әдебиет адамдарымен серік болуы туралы сөз болды.