Қыр 15, 2024 17:55 Asia/Almaty
  • Иранның қарулы күштері, әлемдегі ең қуатты антитеррорлық ұйым

Иран армиясының үйлестірушісінің орынбасары Иран Ислам Республикасының қарулы күштерін әлемдегі лаңкестікке қарсы ең үлкен және ең қуатты ұйым ретінде таныстырды.

Адмирал Хабибулла Сайари теңдік, еркіндік, инклюзивтілік және өзара оқыту идеясын қорғайтын «Жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбымен Бейжіңдегі Сяншань қауіпсіздік форумына қатысу үшін Қытайға барды.

Pars Тoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, адмирал Сайари осы кездесуде: «Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасының қарулы күштері жердегі, ауада, теңізде, жер асты мен ғарышта әлемнің барлық игілігі үшін қауіпсіздіктің сапасы мен санын арттыруға тырысуда»,- деді. Иран армиясы үйлестірушісінің орынбасары сионистік режимнің қылмыстарына тоқталып: «Газа дағдарысы мен сионистік режимнің геноциді осы режимнің Сириядағы Иран Ислам Республикасының консулдығына шабуыл жасауымен және Теһранда шәһид Исмаил Ханиені өлтірумен жалғасқан халықаралық құқық негіздеріне қарсы әрекеттері болып табылады. Американың сионистік режим мен оның аймақтағы науқанына шексіз әскери-барлау қолдауы және бұл режимнің Иран Ислам Республикасына қарсы үздіксіз қоқан-лоққы жасауы халықаралық жүйедегі анархияның ауыр жағдайын көрсетеді. Әрине, бұл Американың құлдырауымен және сионистік режимнің құлдырауымен бірге болады»,- деп мәлімдеді.

Адмирал Сайари халықаралық жүйенің анархиялық құрылымы, шетелдік державалардың араласуы және Батыс Азияның қауіпсіздік саласындағы сәтсіздіктері Иранды салыстырмалы қауіпсіздікті арттыру үшін қажетті қорғаныс қабілетіне ие болуға талпындыратын үш фактор екенін баса айтып: «Бүгінгі таңда Иран Ислам Республикасының қарулы күштері әлемдегі лаңкестікке қарсы ең үлкен және ең күшті ұйым болып саналады және аймақтық деңгейде кез келген озбырлық, тәртіпсіздік, халықаралық қағидаларды ұстанбау қатаң түрде қолға алынып, жаһандық гегемония деп аталатын мемлекет басшылары жауабыгың дәмін талай рет татқан»,- деді. Иран армиясының үйлестірушісінің орынбасары: «Иран барлығын бейбітшілік, теңдік және бостандық туының астында бірігуге және қауіпсіздік түрінде білім алу үшін инклюзивті мүмкіндіктер жасауға және қанішер алпауыт державаларға қарсы тұрып, оларды мақсаттарына жеткізбеуге шақырады»,- деп сөзін жалғады.

Тегтер