Сақшылар корпусының аэроғарыш күштері Иордания мен Эрбилде Америкаға соққы берді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85130-Сақшылар_корпусының_аэроғарыш_күштері_Иордания_мен_Эрбилде_Америкаға_соққы_берді
ParsToday - Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс бөлімі Иорданиядағы АҚШ әскери базасы мен бірнеше жойғыш ұшақтың, Patriot әуе қорғаныс жүйесінің, тыңшылық әуе шарының және Эрбилдегі АҚШ террористік базасының жойылғанын хабарлады.
(last modified 2026-07-24T16:33:14+00:00 )
Шіл 24, 2026 20:15 Asia/Almaty
  • Сақшылар корпусының аэроғарыш күштері Иордания мен Эрбилде Америкаға соққы берді

ParsToday - Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс бөлімі Иорданиядағы АҚШ әскери базасы мен бірнеше жойғыш ұшақтың, Patriot әуе қорғаныс жүйесінің, тыңшылық әуе шарының және Эрбилдегі АҚШ террористік базасының жойылғанын хабарлады.

Pars Today Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғаммен байланыс жөніндегі мәлімдемесінің толық мәтіні мынадай:

 

Исламдық Иранның ұлы және жанқияр халқы

Сіздердің үлгі боларлық қарсылықтарың күн сайын әлемде шындықты айқындай түседі, ал қысым мен үстемдікті одан сайын оқшауландырады. Бұл жауынгерлердің соңғы жеңіске деген үмітін арттырады, ал адамзат жауларын одан сайын үмітсіз етеді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының аэроғарыш күштеріндегі құлшынысты перзенттерің жазалау операциясын жалғастыра отырып, «Уа, Абу Салех әл-Махди, көмектесе гөр» деген ұранмен «Наср 2» операциясының 27-ші толқынында Иорданияның Әл-Азрақ қаласындағы АҚШ базасына тағы бір жойқын шабуыл жасап, бірнеше жойғыш ұшаққа айтарлықтай зиян келтіріп, американдық сарбаздардың тұрғын жерін қиратты, олардың бірқатарын өлтіріп, жаралады.

Американың сәби өлтіруші режимі өз халқына және басқаларға өлім саны туралы өтірік айтып отыр. Біз зерттеу орталықтары мен БАҚ-ты осы мәселе бойынша тексеріс жүргізуге шақырамыз.

Тағы бір күтпеген операцияда Ислам жауынгерлері балаларды өлтіруші американдық режимнің Эрбилдегі Patriot әуе қорғаныс жүйесі мен тыңшылық шарын жойып, американдық террористердің резиденциясын нысанаға алды.

Егер зұлымдық жалғаса берсе, Американың қысымшы және заңсыз режимі басқаша жауапқа тап болады.