Қыр 16, 2024 18:56 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи ирандық сүннит ғалымдарымен кездесуінде:  Ислам үмбетінің  болмысын қорғау қажет

Имам Хаменеи ғұламалар, жұма имамдары және Иранның түкпір-түкпіріндегі сүнниттік теологиялық мектептердің директорлары бас қосқан жиында «Ислам үмбетінің» құнды болмысын қорғауды қажет деп атап,  исламдық бірліктің маңыздылығына және оны бұрмалауға ниеттілердің талпыныстарына тоқталып: «Ислам үмбеті» мәселесі ешбір жағдайда ұмытылмауы керек",- деді.

 

Ислам революциясының жетекшісі Бірлік аптасының басталуы мен ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күніне орай өткізілген бұл жиында: "Ислам үмбетінің болмысы мәселесі ұлт мәселесінен жоғары және Ислам үмбетінің географиялық шекараларын, ақиқаты мен болмысын өзгертпейтін іргелі мәселе.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, мұсылмандарды өздерінің исламдық болмыстарына бей-жай қалдыруға бағытталған дұшпандық әрекеттерге сілтеме жасап, былай деп қосты: "Мұсылманның Газадағы немесе әлемнің басқа бөліктеріндегі басқа бір мұсылманның қайғы-қасіретінен бейхабар болуы исламдық тағылымдарға қайшы келеді",- деп баса айтты. Аятолла Хаменеи сүннит ғалымдарын исламдық болмыс пен ислам үмбетіне сүйенуге шақырып, ислам әлеміндегі, әсіресе Ирандағы діни келіспеушіліктерді өршіту үшін зұлымдардың жоспарлары мен әрекеттеріне назар аударды.

"Олар интеллектуалдық, үгіт-насихат және экономикалық құралдарды пайдаланып, біздің елімізде және кез келген исламдық аймақта шиіт пен сүннит арасын ажыратуды көздеп, екі жақтан адамдарды бір-біріне жамандауға мәжбүрлеу сияқты әрекеттерімен қыңырлық пен алауыздықты қоздырады".

Ислам революциясының жетекшісі бұл қастандықтармен күресудің амалы мен жолын бірлікке сүйену деп атап: «Бірлік мәселесі – тактика емес, Құран қағидасы",- деді.

Имам Хаменеи шиіттер мен сүнниттердің бірлігін бұзатын біле немесе білмей жасаған кейбір әрекеттеріне өкініш білдіріп:

"Көптеген қастықтарға қарамастан, біздің сүнниттік жамағатымыз бұл дұшпандық ниеттерге табанды түрде қарсы тұрды. Мұны қасиетті қорғаныста және басқа да жағдайларда 15 мың сүннит шәһидтері және көптеген сүннит ғалымдарының ақиқат пен революция жолында шәһид болуы дәлелдейді",- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі Ислам үмбетінің абыройы деген маңызды мақсатқа тек бірлік арқылы жетуді мүмкін деп тауып, былай деді:

"Бүгінгі таңда негізгі міндеттердің бірі Газа мен Палестинаның мазлум халқына қолдау көрсету болып табылады және кімде-кім бұл парызға мойынсұнбаса, міндетті түрде Алла Тағаланың сұрағына тартылады".

Бұл кездесуде  Систан және Белуджистан облысының сүннит ғалымдарының бірі әрі Чабахар жұма намазының имамы Маулави Абдул Рахман Чабахари, Хормозган облысының сүннит ғалымдарының бірі және Қешм жұма намазы имамы Маулави Абдул Рахим Хатиби, Батыс Әзірбайжанның сүннит ғалымдарының бірі Махабадтың жұма намазы имамы Абдулсалам Имами Ислам Республикасы мен революция жетекшісінің біріктіруші көзқарастарын және оның сүннит қауымын қолдауын бағалай отырып, елді дамыту үшін аймақтарды нығайтуға және жергілікті мүмкіндіктерді, әсіресе сүннит аймақтарында пайдалануға баса назар аударды және  тәкфиршіл және экстремистік ағымдарға қарсы тұру мәселесін қажеттілік деп атады.                                                                                                                                                                                                        

Тегтер