Қыр 30, 2024 21:27 Asia/Almaty
  • Құдс күштерінің қолбасшысы: Құдс азат етілгенге дейін шәһид Насролланың жолы мен мектебін  жалғастырамыз

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролланың шәһид болуына байланысты көңіл айтып: "Палестина жеңіске жетіп, қасиетті Құдс азат етілгенге дейін шәһид Насролланың жолы мен мектебін жалғастырамыз",- деді.

 

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы, бригада генералы Исмаил Қаани Хизболла Бас хатшысы Сейед Хасан Насролланың шәһид болуына байланысты жолдау жасады. Pars Тoday хабарлауынша, Сардар Исмаил Қаанидің жолдауының мәтіні мынадай:

Хизболланың күрескерлерінің жетекшісі Сейед Хасан Насролланың шәһид болуы баршамызды қайғыға батырды, Исламдық қарсыласу майданы мен әлемнің азат халқы аза тұтуда.

Соңғы сапарына аттанған бауырымыз, өзінің барлық берекелі де мақтан тұтатын өмірін Ислам мен Құранның ең зұлым дұшпандарымен шайқас даласында өткізіп, илаһи қаны мен асыл өмірін жоғары ислами мұраттар мен езілген Палестина халқына қолдау көрсету және Ливан халқының ерік-жігері жолында құрбан етті.  

Нұрлы сейед өзінің руханилығымен және қауіпсіз шараларымен Хизболла қозғалысын басқарып, абырой мен шексіз рухани және жиһадтық күштің шыңына жетті. Харб Таммуздағы ауыр шайқастарға және Сирия мен Ирактағы ДАИШ пен тәкфиршілермен соғысқа қолбасшылық ету сол шәһид Сейедтің мәңгілік күресшілер кітабының алтын беттері болып табылады.

Жүрегі қайғылы, бірақ Алланың рақымы мен мейіріміне үміт артып, Ислам қарсыласуының ұлы жетекшісінің шәһид болуына байланысты Хизболла қозғалысының күрескерлеріне, қымбатты шәһидтің сабырлы отбасына және баршаға шын жүректен көңіл айтамын. Алла қаласа, оның жолы мен мектебінің жалғасында Палестина  жеңіске жетіп, қасиетті Құдс азат етілгенге дейін сіздермен бірге боламыз.

Тегтер