Имам Хаменеи: Сионистік режим есептеуде қателік жіберді
(last modified Mon, 28 Oct 2024 11:23:25 GMT )
Қаз 28, 2024 17:23 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Сионистік режим есептеуде қателік жіберді

Parstoday- Ислам революциясының жетекшісі өз сөзінде: «Сионистік режимнің жетекшілері Иран жастары мен халқын білмегендіктен және әлі күнге дейін Иранның күшін, осы халықтың қабілеті, бастамасы мен батылдығын түсіне алмағандықтан Ислам Республикасы туралы есеп қатесін жасады.

ParsТoday ақпарат агенттігінің Ислам революциясы жетекшісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, аятолла Хаменеи жексенбі күні қауіпсіздік үшін шәһидтердің мыңдаған отбасыларымен кездесуінде зұлым сионистік режимнің Газа мен Ливандағы ең қатыгез соғыс қылмыстарын жасаудағы үздіксіз әрекеттеріне тоқталып, осы зұлым режимге қарсы «жаһандық коалиция» құруды талап етті.  

Аятолла Хаменеи сионистік режимнің сенбі (қазанның 26-сы) күні таңертең ерте Иранға қарсы жасаған зұлымдық әрекеті туралы: «Бұл жасаған қателікке байланысты олар өздерін нақты мақсаттармен үлкейтіп көрсетеді,  бірақ оны кемсіту және бұл ештеңе емес және маңызды емес деп айту да дұрыс емес»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі: «Сионистік режим басшылары Иран жастары мен халқын білмегендіктен, Иранның күші, қабілеті, бастамасы мен әскерін әлі дұрыс түсіне алмағандықтан, Ислам республикасы туралы қателесіп отыр»,- деп айтты.

Ислам революциясының жетекшісі: «Әрине, шенеуніктер Иран ұлтының кім екенін және оның жастары қандай екенін түсінуі үшін жұмыстың сапасын дұрыс танып, осы ел мен ұлттың мүддесіне сай келетін нәрсені істеуі керек» деп баса айтты.  

Аятолла Хаменеи сионистік режимнің Газа секторындағы сұмдық қылмыстарына, соның ішінде ең қатыгез әскери қылмыстардың үлгісі болып табылатын он мың бала мен он мыңнан астам әйелдің шәһид болуына тоқталып, үкіметтер мен БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдардың Газа мен Ливандағы осы режимнің әрекеттерімен күресудегі сәтсіздігін қатаң сынға алып: «Соғыстың ережелері, заңдары мен шегі бар, соғыстарда барлық шектеулер бұзылмайды, бірақ басып алынған аумақтарды басқаратын қылмыстық топ барлық шектеулер мен ережелерді бұзып отыр»,- деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі үкіметтердің, әсіресе исламдық үкіметтердің қылмыстық режимге қарсы тұруын және осы жазалаушы режимге қарсы жаһандық коалиция құруды қажет деп санап, былай деп қосты: «Табандылық экономикалық көмекті тоқтату дегенді білдірмейді, өйткені басып алушы режимге көмектесу ең сұмдық және ең үлкен күнәлардың бірі екені анық. Бірақ табандылық деген ең қатыгез соғыс қылмыстарын жасайтын зұлым режимге қарсы жаһандық саяси, экономикалық және қажет болса әскери коалиция құру». 

Ол сондай-ақ қауіпсіздік үшін шәһид болғандардың жанұяларына қаратып, бұл шәһидтерді әділдік жолындағы ең үлкен шәһидтер  атап, қоғамның барлық істері мен халық өмірінің әртүрлі салаларындағы қауіпсіздіктің негізгі маңыздылығына тоқталып: «Күшті Иран ғана ел мен ұлттың қауіпсіздігі мен дамуын қамтамасыз етіп, кепілдік бере алады. Сондықтан Иран экономика, ғылым, саясат, қорғаныс және басқарудың барлық салаларында күн өткен сайын күшейе түсуі керек»,- деп баса айтты.