Maм 21, 2016 14:32 Asia/Almaty
  • Иранның Барлау министрі: Өткен жылы Иранда 20-дан астам лаңкестік топ жойылды

Иранның Барлау министрі өткен жылы иранда 20-дан астам лаңкестік топтың құрықталып, жойылғанын хабарлады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Барлау министрі Махмуд Алави Теһран жұма намазының құтпаларынан бұрын сөз сөйлеп: «Өткен жылы қауіпсіздікке қарсы әрекеттер мен жарылыс жасауды көздеген 20-дан астам лаңкестік топ құрықталып, жойылды. Олардан өте көп мөлшерде қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттар анықталды»,-деп мәлімдеді.

Махмуд Алави Иран Барлау министрлігінің лаңкестік топтардың барлық әрекеттерін бақылап отырғанын айтып: «Лаңкестік топтарды қолдайтын бірнеше топты құрықтау, жарылғыш заттар сақталып, бомба жасалып, басқа да істер атқарылатын орталықтарды анықтау Барлау министрлігі атқарған шаралардың қатарына жатады»,-деп еске салды.

Иранның Барлау министрі, сондай-ақ, Иранның халықаралық деңгейдегі талпыныстарына тоқталып: «Иран жүргізген келіссөздердің нәтижесінде бірнеше ирандық АҚШ-тың түрмелерінен босатылып, іздеу салынған бірнеше адамды қудалау ісі тоқтатылды»,-деді.

Тегтер