«Имам Реза - Пайғамбар әулетінің данасы», «Диван Хафиз» және «Нұр» - Сербиядағы үш жаңа ирандық кітап
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i79030-Имам_Реза_Пайғамбар_әулетінің_данасы_Диван_Хафиз_және_Нұр_Сербиядағы_үш_жаңа_ирандық_кітап
ParsToday – 67-ші Белград халықаралық кітап көрмесінде серб тіліне аударылған ирандық үш кітаптың тұсауы кесілді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 30, 2024 22:05 Asia/Almaty
  • «Имам Реза - Пайғамбар әулетінің данасы», «Диван Хафиз» және «Нұр» - Сербиядағы үш жаңа ирандық кітап

ParsToday – 67-ші Белград халықаралық кітап көрмесінде серб тіліне аударылған ирандық үш кітаптың тұсауы кесілді.

ИИР-ның Мәдени кеңес беру мекемесінің ынтымақтастығымен «Имам Реза - Пайғамбар әулетінің данасы», «Диван Хафиз» және «Нұр» атты үш ирандық кітаптың ашылу рәсімі Сербияда, Белград халықаралық кітап көрмесінің «Яванович Замай» залында өтті. Бұл кітапты Александр Драгович аударып, «Сержан Маркович» баспасынан шығарған.

Сербия әдеби бірлестігінің басшысы Ненад Милошевич те осы рәсімде Иранның әйгілі ақыны Хафездің тұлғасы туралы айтып, осынау көк күмбезінің астында Хафездің лирикасына бәрінен де тәнті екенін айтты.

Милошевич «Диван Хафиздің» Сербияда басылуын осы ұлы ирандық ақынды серб қоғамына танытудағы құнды қадам деп санады.