Имам Хаменеи: Сионистік режим мен Америкаға қатаң жауаб беріледі
(last modified Sat, 02 Nov 2024 15:56:16 GMT )
Қар 02, 2024 21:56 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Сионистік режим мен Америкаға қатаң жауаб беріледі

ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының АҚШ-тың езгілері мен шектен шығуларымен кемінде 70 жылдық күресінің негізгі себептерін түсіндіріп: «Осы жеңісті жолда сионистік режим мен АҚШ Иран ұлтына қарсы кез келген әрекетке міндетті түрде өткір жауап беріледі», деді.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам революциясының жетекшісі Имам Хаменеи мыңдаған ирандық студентпен кездесуінде студенттердің бірінің үстемшілдікпен қалай күресу керектігі туралы ұсынысына тоқталып: «Бұл шайқаста Иран ұлтының дайындығы үшін барлық қажетті әскери, қару-жарақ және саяси іс-әрекеттер жасалатынын және қазіргі уақытта билік мұндай нәрселермен айналысып жатқанын бәрі біледі», -деп айтты.

Ол Иран ұлтының үстемшілдікке қарсы күресін ұлт өмірі аясында тұрақты, үздіксіз мәселе деп атап: «Ұлт пен биліктің жаһандық үстемшілдік пен  қазіргі әлемдік тәртіпті басқарып отырған қылмыстық аппаратқа қарсы тұрудағы жалпы қозғалысы дінге, шариғатқа, имандылыққа және халықаралық заңдарға сәйкес қисынды қадам болып табылады, ал ұлт пен билік бұл жолдан еш тартынбайды» -деп сөзін жалғады.

Революция жетекшісі америкалық студенттердің көптеген ғылыми бірлестіктерінің Батыс мәдениеті мен өркениетіне және Америка Құрама Штаттарының әрекеттеріне қарсы мәлімдеме жасап, езілген елдер мен ұлттарды қорғауын табыс пен дамудың тағы бір белгісі деп атады. Үстемдікке қарсы қозғалыс туралы және былай деп қосты: «Бұл күрес күн өткен сайын күшейіп, Иран халқы мен езілген халықтар мен қарсыласу майданы сөзсіз ілгерілей түседі».

Аятолла Хаменеи, сионистік режимнің Газадағы сұмдық қылмыстары және көпшілігі әйелдер мен балалар болатын 50 000 адамның өлтірілуі және Ливандағы қазіргі қайғылы оқиғалардың барлығы да арсыз және ашық әскери және саяси қолдаумен жүзеге асып жатқанына назар аудартып былай деді: «Насролла, Хания және Сүлеймани сияқты ұлы тұлғаларды лаңкес деп атайтын адам құқықтары туралы жар салатындардың  өздері лаңкестік топтар мен қылмыстық топтар екенін бүгін әлем түсінді».

Имам Хаменеи режимнің ақпарат құралдарының жан-жақты талпыныстарына қарамастан, Иран ұлтының дүние жүзінің қоғамдық пікіріндегі танымалдылығын Ислам республикасының сәтті әрі қисынды күресінің нәтижелілігінің белгісі деп санап, былай деді: «Шын уәде операциясынан кейін адамдардың әртүрлі елдердің көшелерінде қуануы Иран ұлтының қозғалысының халықаралық логикамен және әрине исламдық және құрандық логикамен қабылданғанын білдіреді».

Соңында Ислам революциясының жетекшісі былай деді: «Алланың рақымымен осы исламдық және гуманитарлық қозғалыспен Иран ұлты мен қарсыласу майданы дүниеде өз орындарын тауып, дұшпанды міндетті түрде жеңеді».

Тегтер