Жасырынудың сәтсіз саясаты: Израиль мен Иранның медиа көзқарасының айырмашылығы неде?
(last modified Sun, 03 Nov 2024 10:56:25 GMT )
Қар 03, 2024 16:56 Asia/Almaty
  • Жасырынудың сәтсіз саясаты: Израиль мен Иранның медиа көзқарасының айырмашылығы неде?

Parstoday- Иран Ислам Республикасы Израиль режимімен қақтығыс кезінде Газа мен Ливанның қорғансыз халқының қандай опасыз және қылмыскер дұшпанмен бетпе-бет келгенін әркім білуі үшін соғыстың анық және шынайы бейнесін көрсетуге тырысады.

Газа мен Ливан халқына қарсы сионистік соғыстың және оның Иранмен қақтығыстарының ақиқатын ашудағы маңызды мәселелердің бірі - әр тараптың жаңалықтар тәсілдерін түсіну.

ParsТoday хабарлауынша, бұл туралы  Мұхаммад Казем Анбарлуи ирандық Jam Jam газетіндегі жазбасында: «Сионистік режимнің соңғы бір жылда шеккен құрбандары мен жарақаттарын жасыруы Израильдің әлем қоғамдық пікірі алдында өзінің жалған ұлылығының күйреуі туралы алаңдаушылығымен байланысты. «Әл-Ақса» дауылы операциясынан кейін біз екі БАҚ көзқарасын көрдік»,- деп жазды.

Газа мен Ливан халқына қарсы сионистік соғыстың және оның Иранмен қақтығыстарының ақиқатын ашудағы маңызды мәселелердің бірі - әр тараптың жаңалықтар тәсілдерін түсіну. ParsТoday хабарлауынша, бұл туралы Мұхаммад Казем Анбарлуи  ирандық Jam Jam газетіндегі мақаласында былай деп жазды: «Сионистік режимнің соңғы бір жылда  адами шыңындары мен жарақаттарын жасыруы Израильдің әлем қоғамдық пікірі алдында өзінің жалған ұлылығының күйреуі туралы алаңдаушылығымен байланысты. «Әл-Ақса дауылы» операциясынан кейін біз ақпараттық екі көзқарасты көрдік.

Оқиғаның бір жағында қарсылық осінен алған күшті соққыларға қарамастан, жаңалықтар мен ақпаратқа қатаң цензурамен қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы кез келген жаңалықтың жариялануына жол бермеу үшін бар күшін салатын Құдстың басып алу режимі және оқиғаның екінші жағында сионистік режимнің кез келген қылмыстары туралы ақпарат құралдарына ашық түрде ақпарат беретін Ислам республикасының БАҚ көзқарасы бар.

Сионистік режимнің жасыру саясаты осы режимнің әлсіздігінің белгісі және израильдіктер соғысқа қатысты жаңалықтарды жариялау үшін өз ақпарат құралдарын толығымен бақылауға алды. Осылайша осы уақытқа дейін шеккен шығынына қарамастан өздерін соғыстың жеңімпаздары деп көрсеткісі келеді.

Осы текетірес барысында Иран Ислам Республикасы барша Газа мен Ливанның қорғансыз халқының ешбір халықаралық  ережелерді құрметтемейтін, геноцид пен сансыз соғыс қылмыстарын жасаған сатқын және қылмыскер дұшпанмен бетпе-бет келгенін білсін деп соғыстың шынайы және айқын көрінісін көрсетуге ұмтылуда.

Сионистік режимнің цензурасымен біріктірілген БАҚ саясаты сәтсіз әрекет. Израильдіктер оккупацияланған аумақтардағы БАҚ өкілдерін, сондай-ақ олардың Батыстағы еншілес БАҚ-тарын толығымен шектеді. Бірақ бұл тәсілдер ешқайда әкелмейді. Өйткені, соңғы жылдары жасаған барлық әскери қылмыстарына қарамастан, Израильдің қоғамдық пікірде осы текетіресте өзінің жеңімпаз бейнесін қалыптастыруға тырысқанын әлем қоғамдық пікірі жақсы түсінді. Бірақ басып алынған аумақтардың ішінде де, бүкіл әлемде де сионистік режимнің әрекеттеріне наразылық білдірушілердің дауыстары естілуде.