Иранның жаңа катализаторлары мұнай өңдеу зауытының қалдықтарын бензинге айналдырады
(last modified Wed, 06 Nov 2024 12:17:05 GMT )
Қар 06, 2024 18:17 Asia/Almaty
  • Иранның жаңа катализаторлары мұнай өңдеу зауытының қалдықтарын бензинге айналдырады

ParsТoday - Иранның білімге негізделген компаниясы катализаторлардың екі түрін шығару арқылы мұнай өңдеу зауыттарындағы жарамсыз өнімдерді бензин, дизель және сұйық газ сияқты құнды өнімдерге айналдыруға қол жеткізді.

Мұнай өңдеу зауыттарында энергияны ысырап етудің алдын алу мұнай-химия секторындағы өндірісті және осы сала өнімдерін сатудан түсетін кірісті арттыруға мүмкіндік береді.

ParsТoday-дің  IRNA-ға сүйеніп хабарлауынша, нано салада белсенді ирандық білімге негізделген компанияның зерттеушілері «FCC және RFC» сұйық қабат крекинг катализаторларының екі түрін шығаруда табысқа жетіп, Иранның орталығындағы Шазанд және оңтүстік-батысындағы Абадан мұнай өңдеу зауыттарында пайдалануға болмайтын өнімдер бензин, дизель және сұйытылған газ сияқты құнды өнімдерге айналады.

Осы ирандық білімге негізделген компанияның зерттеу жөніндегі менеджері Хотен Голдуст: «Бірнеше жылдық зерттеулер мен әзірлемелерден кейін біз бұл катализаторларды өндіру бойынша техникалық білім алып, Иранның қажеттіліктеріне сай жергілікті етіп шығара алдық»,-деді. Ол: «Бұл катализаторлар Абадан және Шазанд Арак мұнай өңдеу зауыттарына жүктелді және өндірілуде және Иранның 100% қажеттіліктерін өндіруге және қанағаттандыруға мүмкіндік береді»,- деп сөзін жалғады.

Бұл білімге негізделген компанияның менеджері: «Бұл әрекет пен біздегі өндірістік қуатпен Иранда жыл сайын кемінде 30-40 миллион доллар үнемделеді»,- деп айтты.