Бандар-Аббастағы Шәһид Раджаи портындағы жарылыстан кейін әртүрлі елдер Иранға көңіл айтты
ParsToday - Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысының Бандар-Аббас қаласындағы Шәһид Раджаи портында болған жарылыстан кейін әлемнің әртүрлі елдері Иран халқы мен үкіметіне хабарламаларын жолдап, көңіл айтты.
Иранның оңтүстігіндегі Хормозган облысындағы Шіһид Раджаи портында сенбі күні жарылыс болып, 800 адам жараланып, 18-і қаза тапты. Жараланғандардың 729-ы ауруханадан шығарылды. Оқиғаның себебі әлі белгісіз.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Жапония, Сауд Арабиясы, Ресей, Пәкістан, Ирак, Катар, БАӘ, Түркіменстан, Қазақстан, Иордания, Түркия, Венесуэла және Куба сияқты әлемнің бірқатар басқа елдері Иран үкіметі мен халқына Шіһид Раджаи портындағы жарылысқа байланысты көңіл айтты.
Ирак Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Бандар Аббастағы Шәһид Ражаи портында болған жарылыстан бірқатар ирандық азаматтың қаза болуына байланысты көңіл айтып, ИИР-ның халқы мен үкіметіне, оқиғада қаза болғандар мен жараланғандардың отбасыларына көңіл айтты.
Ирактың Сыртқы істер министрлігі елдің осы оқиғаның салдарын басқаруда Иранмен ынтымақтастық пен көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігі де Иран үкіметі мен халқына жанашырлық танытып, Иран сұраған жағдайда кез келген көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. БАӘ Сыртқы істер министрлігі де мәлімдемесінде Иран үкіметі мен халқымен ынтымақтастығын қуаттады.
Түрікменстан Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесуінде Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты.