Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Қалибаф: Кек алатын кез келді
(last modified Fri, 13 Jun 2025 15:34:38 GMT )
Маусым 13, 2025 21:34 Asia/Almaty
  • Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Қалибаф: Кек алатын кез келді

ParsToday - Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Кек алудың уақыты келді, бұл кек кез келген әдіспен алынады»,- деді.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф жолдауында сионистік режимнің басқыншылығына реакция білдірді. Жолдау мәтіні:

 

بسم الله الرحمن الرحیم

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын

«Мүміндерден, Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: Олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды. Және кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады». («Ахзаб», 23-ші аят).

Сионистік қылмыстық және лаңкестік банданың зұлым қолы тағы да Ирандағы қолбасшылар мен күрескерлердің қанына боялды. Қайғылы Иран халқына, шәһидтердің отбасыларына және Ислам революциясының мәртебелі және құдіретті жетекшісіне еліміздің ержүрек және шәһидті іздеуші қолбасшылары, ғалымдары мен бір топ бейкүнә адамдардың шәһид болғаны үшін көңіл айтамын.

Қылмыскер сионистік режим тұрғын үйлерге шабуыл жасау арқылы өзінің адамзаттың ең үлкен дұшпаны және жеке Иран ұлтының ең қас жауы екенін көрсетті, бірақ оларды Ислам жауынгерлерінің азапты жауабы және ауыр әрі өкінішті жаза күтіп тұр. Енді кек алудың уақыты келді және бұл кек кез келген әдіспен алынады. Біз оларды жауапсыз қалдырмаймыз, қатты соққы береміз. Бұл әрекетті олар бастады, бірақ біз оны аяқтаймыз, Алла қаласа.

Иранның асыл елі Иран Ислам Республикасының қарулы күштеріндегі өзінің салихалы және иманды ұлдарын таниды. Шәһид болу – олардың ежелден келе жатқан тілегі, олар – ұлт пен ерлердің құрбаны, Алла қаласа, олар жаудың ащы тағдырын орындауға дайын.

 

 Құрметті халық!

Шәһид болған аға-бауырларымыздың таза қанымен Алланың алдында ант етеміз, біз сіздерді және сүйікті елімізді таудай қорғаймыз. Шәһидтердің қаны – біздің нұрымыз, біз сіздерден сабақ алдық. Жаулардың ұйықысына тыйым саламыз, ал жау тағы да сіздердің алдыңда тізе бүгеді. Ал Алла кімге жәрдем берсе, соған жәрдем береді. Расында, Алла – күшті, құдіретті.