Аятолла Хаменеи: Иран халқы таңылған соғысқа және таңылған бейбітшілікке табанды қарсы тұрады
Parstoday - Ислам революциясының жетекшісі сионистік режимнің Иранға басып кіруінен кейін халыққа арнаған екінші теледидар жолдауында: «Иран халқы соғыс пен таңылған бейбітшілікке қарсы табанды және берілмейді»,- деп баса айтты.
Ислам революциясының жетекшісі бүгін түстен кейінгі теледидар жолдауында сионистік дұшпанның ақымақ және арам ниетті басқыншылығындағы соңғы жағдайда Иран халқының табанды, батыл және ұқыпты әрекетін мадақтап, оны елдің өркендеуінің белгісі және рухани, парасаттылық пен қуаттандырудың белгісі деп санады: «Иран халқы таңылған соғысқа табанды қарсы тұрады, сондай-ақ таңылған бейбітшілікке де қарсы тұрады, бұл халық таңу жағдайында ешкімге берілмейді».Аятолла Хаменеи сондай-ақ АҚШ президентінің қоқан-лоққы және күлкілі мәлімдемелеріне тоқталып: «Иранды, Иран халқын және оның тарихын білетін дана адамдар бұл халықпен ешқашан қоқан-лоққы тілмен сөйлеспейді, өйткені Иран халқы бағынбайды және америкалықтар АҚШ-тың кез келген әскери араласуы сөзсіз оларға зиян тигізетінін білуі керек»,- деді. Революция жетекшісі сөзінің басында Иран ұлтының Ғадир күні шеруіндегі ұлы қозғалысын, сондай-ақ соңғы күндердегі, әсіресе жұма намазынан кейінгі жиындар мен шерулерді жоғары бағалады. Сондай-ақ, тележүргізуші әйелдің дұшпанның шабуылы кезіндегі әдемі де мағыналы қимылына тоқталып: «Тәкбір айтып, халық қуатының белгісін бүкіл әлемге таныту – тарихи әрі өте құнды оқиға болды»,- деді.Аятолла Хаменеи сионистік режимнің ақымақ және арам ойлы басқыншылығының орын алған уақытына тоқталып: «Бұл оқиға біздің қайраткерлер Америкамен жанама келіссөздер жүргізіп жатқан және Иран тарапынан ешбір тосын, әскери немесе қатаң әрекеттің нышаны болмаған кезде орын алды»,-деп қосты.
Ол былай деп баса айтты: «Әрине, сионистік режимнің бұл арам пиғылына Американың қатысы бар деп әу бастан күдіктенген және Америка қайраткерлерінің соңғы мәлімдемелерімен бұл күдік күн санап күшейіп келеді». Революция жетекшісі Иран халқының таңылған соғысқа, таңылған бейбітшілікке және кез келген таңуларға қарсы табанды екеніне тоқталып: «Мен идеялары, сөздері және қаламдары барлардан, әсіресе жаһандық қоғамдық пікірге байланысты адамдардан осы мағыналар мен ұғымдарды түсіндіріп, дұшпанның алдамшы үгіт-насихатпен ақиқатты бұрмалауына жол бермеуін күтемін» деді.Аятолла Хаменеи сионистік дұшпанның үлкен қателік пен қылмыс жасағанына тоқталып: «Сионистік дұшпан жазалануы керек және жазалануда. Иран халқы мен қарулы күштерінің осы зұлым дұшпанға берген және қазіргі уақытта беріп жатқан, сонымен келешекте жоспарлары түрлі берілетін жазасы өте ауыр және әлсіз», деді.Ол былай деді: «Америкалық достарының араласуының өзі сионистік режимнің әлсіздігі мен дәрменсіздігінің белгісі»,- деп айтты.Революция жетекшісі сондай-ақ АҚШ президентінің қоқан-лоққы және күлкілі мәлімдемелеріне тоқталып: "АҚШ президенті Иран халқын ашық түрде бағынуға шақырды. Бірақ біз оларға, біріншіден, қоқан-лоққыны қауіп-қатерден қорыққандарға жасаңдар деп айтамыз, ал Иран халқы осы асыл аятқа сенеді: «وَلَا تَهِنُوا وَلَا تَحْزَنُوا وَأَنْتُمُ الْأَعْلَوْنَ إِنْ کُنْتُمْ مُؤْمِنِینَ». Ал қоқан-лоққылар ешқашан Иран ұлтының мінез-құлқы мен ойлауына әсер етпейді. Аятолла Хаменеи: «Екіншіден, Иран халқына беріліңдер деп айту ақылға сай емес, Иран халқы мен оның тарихын жақсы білетін дана адамдар ешқашан мұндай сөзді айтпайды, өйткені Иран халқы ешкімнің басқыншылығына мойынсұнбайды және берілмейді», айтты.Ол былай деді: «Америкалықтар мен осы аймақтың саясатын жақсы білетіндер Американың бұл мәселеге араласуы оған 100% зиянын тигізетінін және соққы болатынын біледі. Бұл соққы Иран көретін зардаптан әлдеқайда көп болады».Революция жетекшісі: «АҚШ әскерінің бұл салаға кіруі оларға орны толмас зиян келтіретіні сөзсіз»,-деді.Аятолла Хаменеи құрметті Иран халқына тағы бір мәрте: «وَلَا تَهِنُوا وَلَا تَحْزَنُوا وَأَنْتُمُ الْأَعْلَوْنَ إِنْ کُنْتُمْ مُؤْمِنِینَ» деген асыл аятты есте ұстауға кеңес бере отырып: «Күнделікті өмірлеріңді күш-қуатпен жалғастырыңдар, әсіресе халыққа қызмет жасайтыңдар және үгіт-насихат жұмыстарына жауаптылар Алла Тағалаға тәуекел етіңдер. «وَمَا النَّصْرُ إِلَّا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ الْعَزِیزِ الْحَکِیمِ», дедіСоңында ол былай деп баса айтты: «Алла Тағала міндетті түрде Иран халқы мен ақиқатты жеңіске жеткізеді».