Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі: Жау жазаланып, өтемақы төленбейінше, қарсы шаралар жалғасады.
Маусым 20, 2025 17:11 Asia/Almaty
ParsToday - Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшылығы былай деп хабарлады: «Жау жазаланып, өтемақы төленбейінше, жауап қайтару жалғасады».
ParsToday ақпарат агенттігінің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің мәлімдемесіне сәйкес, сионистік дұшпан басқа зұлымдық жасаса, оған алдын ала жоспарланған әртүрлі тәсілдермен жауап беріледі, ал егер үшінші тарап бұл басқыншылыққа араласса, нақты жоспар бойынша оған дереу қарсылық көрсетіледі.