Сионистік режим Иранның 5 ауруханасына шабуыл жасап, халықаралық ережелерді бұзды
(last modified Fri, 20 Jun 2025 14:06:12 GMT )
Маусым 20, 2025 20:06 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Иранның 5 ауруханасына шабуыл жасап, халықаралық ережелерді бұзды

ParsToday – Иран Ислам Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы былай деп мәлімдеді: «Сионистік режимнің Иран жеріне шабуылынан кейін елдегі бес аурухана зардап шекті».

ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пирхұсейн Коливанд: «Ауруханаларға тікелей шабуыл жасалмағанымен, бомбалардың салдарынан бес аурухана зардап шекті» деді.

Коливанд Израиль режимінің медициналық орталықтарға жанама шабуылының салдарынан келтірілген залалға тоқталып: «Бұл шабуылдардың салдарынан аурухана терезелерінің сынуы, науқастардың алаңдауы, жарылыстан шыққан түтін мен өрт салдарынан өкпе жарақаттары болды» деді.

Коливанд сионистік режимнің медициналық орталықтарға жасаған шабуылдарын барлық халықаралық қағидалар мен ережелерге қайшы деп санап: «Біз мұны жаңа құжат ретінде халықаралық мекемелерге, соның ішінде Халықаралық Сот пен Халықаралық Қызыл Крест ұйымына жібереміз»,-деді.Иранның Қызыл жарты ай қоғамының басшысы сондай-ақ: «Халық сионистік режимнің шабуылдарына теңдесі жоқ қарсылық көрсетіп, Иран Ислам Республикасының қасиетті жүйесімен бірге, бір пікірде және бір мақсатпен төзімді және белсенді екенін көрсетті»,-деп баса айтты.