CNN-ніңТеһрандағы күнделікті тұрмыстың қалыпқа келуі туралы есебі
ParsToday - CNN телеарнасы өз есебінде былай деп жазды: «Теһрандағы күнделікті тұрмыс бұрынғы қалыпқа оралуда. Бензин, азық-түлік тапшылығы жоқ, дүкен сөрелері негізгі тауарларға толы».
ParsToday-дің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Израильдің шабуылынан және АҚШ президенті Дональд Трамптың ескертуінен кейін астана тұрғындарының көпшілігі басқа қалаларға кеткен, енді олар үйлеріңе оралып, Теһрандағы күнделікті тұрмыс бұрынғы қалыпқа келуде.Американың бұл ақпарат құралының жазуынша, соңғы шабуылдар шектеулі болған сияқты, бірақ Иранның әуе-қорғаныс жүйелері түні бойы сақ болды.CNN: «Көшелерде көліктер саны әдеттегіден аз болғанымен, дүкендер мен тіпті кейбір ресторандар жұмыстарына қайта кірісіп жатыр. Жол кептелісі көбеюде. Теһран кеше, жұма қайтадан көлік кептелісінің куәсі болды»,-
деп мәлімдеді.Бұл арнаның тілшісі: «Азық-түлік пен жанармай тапшылығы байқалмайды. Супермаркеттер ашық және азыққа толы. Біз бірнеше бензин аялдамасынан өттік, жанармай тапшылығы жоқ, көлік сапы да болмады»,- деп қосты.
13 маусым таңертең сионистік режимнің Теһранға және елдің басқа бірнеше қаласына жасаған шабуылында Иранның бірқатар әскери қолбасшылары, ғалымдары және қарапайым азаматтары шәһид болды.Сионистік режимнің бұл қылмысынан кейін Ислам революциясының жетекшісі телеарна жолдауында «Иранның қарулы күштерінің сионистік режимді дәрменсіз ететінін» баса айтты.
ИИР сионистік режимнің жабайы шабуылына жауап ретінде 13 маусым кешке басып алынған жерлерге (Израильге) қарсы ондаған зымырандар атып, «Шын уәде 3» операциясын бастады. Сионистік режимнің басқыншылығын жалғастыруына байланысты «Шын уәде 3» операциясының келесі кезеңдері іске асырылды. Майданнан келіп түскен хабарлар, бейнелер мен барлау мәліметтер ондаған зымыранның стратегиялық нысандарға тигенін көрсетеді.