Путин Арақчимен кездесті: Иранға жасалған шабуылдар негізсіз агрессия
(last modified Mon, 23 Jun 2025 13:02:28 GMT )
Маусым 23, 2025 19:02 Asia/Almaty
  • Путин Арақчимен кездесті: Иранға жасалған шабуылдар негізсіз агрессия

ParsToday - Ресей Президенті Иран Сыртқы істер министрімен кездесуінде АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы шабуылдарын айыптаудағы өз елінің ұстанымын қайталап: «Бұл шабуылдар негізсіз басқыншылық болып табылады»,- деп баса айтты.

Ресей Президенті Владимир Путин дүйсенбі күні Кремльде Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен кездесті. ParsToday агенттігінің хабарлауынша, Путин кездесуде Арақчиге оны бүгін Мәскеуде көргені үшін өте қуанышты екенін айтты.
Ресей Президенті сондай-ақ Мәскеудің бұл елдің Сыртқы істер министрлігі мәлімдемелерінде және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіндегі ұстанымдарына тоқталып: «Иранға қарсы агрессияның дәлелі жоқ»,- деді.
Путин: «Ресейдің Иранмен ұзақ мерзімді, жақсы және сенімді қарым-қатынастары бар және біз Иран халқына көмектесу үшін талпыныс жасап жатырмыз»,- деп баса айтты.
Ресей Президенті сондай-ақ Арақчиден Революция жетекшісі мен Иран Ислам Республикасының президентіне ізгі тілегін жеткізуді сұрады.
Иран Сыртқы істер министрі осы кездесуде Ислам революциясының жетекшісі мен Иран Ислам Республикасы Президентінің сәлемін Ресей президентіне жеткізіп, Мәскеудің АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы әскери басқыншылығынан кейінгі ұстанымдарын жоғары бағалады.
Арақчи Путинмен кездесуіне ризашылығын білдіріп: «Бұл кездесу аймақтағы қауіпті жағдайда өтуде. Иран мен Ресей қарым-қатынастары жақын және ежелден басталды, соңғы жылдары олар стратегиялық аспектіге көтерілді. Біз Ресейдегі достарымызбен барлық салаларда және жаһандық қауіпсіздік мәселелерінде әрқашан тығыз кеңесіп отырмыщ. Ядролық бағдарламада Ресей серіктес ретінде Иран үшін Бушерде атом электр стансасын салуда және осы мәселеде, сондай-ақ ядролық келісімдерге қол жеткізуде бізге көмектесуде. Жақсы келісімдерге қол жеткізуімізге Ресей де оң рөл атқарды»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі: «Біз Ресейге осы басқыншылықтарды айыптаудағы өте күшті және дұрыс ұстанымдары үшін алғыс айтамыз. Ресей халықаралық құқыққа сәйкес тарихтың оң жағында»,- деді.
Ол: «Қазір Израиль режимі мен Америка Құрама Штаттарының себепсіз агрессиясына байланысты шиеленіс деңгейі артып келеді. Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы агрессиялық әрекеттері толығымен заңсыз және халықаралық заңдар мен халықаралық нормаларды бұзады, біз қазір егемендігіміз бен елімізді қорғап жатырмыз, қорғанысымыз заңды»,- деді.