Иран АҚХА-мен ынтымақтастығын тоқтатты
(last modified Wed, 25 Jun 2025 09:57:12 GMT )
Маусым 25, 2025 15:57 Asia/Almaty
  • Иран АҚХА-мен ынтымақтастығын тоқтатты

ParsToday - Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы: «Иранның Атом Қуаты Ұйымы ядролық нысандардың қауіпсіздігіне кепілдік берілгенге дейін және Иранның бейбіт ядролық бағдарламасы жылдам қарқынмен алға ілгерлемейінше, Атом Қуаты Ұйымы Агенттікпен ынтымақтастықтарын тоқтатады»,- деп баса айтты.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф сәрсенбі күні парламенттің ашық отырысында: «АҚШ Иран халқының табандылығын көргенде, өзін қиын жағдайдан шоу шабуылымен құтқаруға тырысты және оның аймақтағы қолбасшылық орталығына Иран жауап бергеннен кейін атысты тоқтатуды ұсынып, оның артына түсті. Мұның бәрі Иран өзінің ұстамдылығымен өзінің барлық мүмкіндіктерін, оның ішінде әлемнің энергетикалық экономикасына әсер ете алатын мүмкіндігін әлі пайдаланбаған жағдайда болып жатыр»,- деп айтты.