Арақчи: Иран халқы өз елінің тағдырын басқалардың анықтауына ешқашан рұқсат бермейді
(last modified Sat, 28 Jun 2025 09:22:02 GMT )
Маусым 28, 2025 15:22 Asia/Almaty
  • Арақчи: Иран халқы өз елінің тағдырын басқалардың анықтауына ешқашан рұқсат бермейді

ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі Иран халқының өз құнын және өз елінің тәуелсіздігін білетінін мәлімдеп: «Иран халқы ешқашан өз елінің тағдырын басқалардың анықтауына жол бермейді», -деді.

ParsToday-дің ИРНА-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи сенбі күні таңертең «Х» әлеуметтік желісінде АҚШ президенті Дональд Трамптың әсірелеуіне жауап ретінде былай деп жазды: «Ирандықтардың табандылығы көптеген сағаттар бойы талпыныс және шыдамдылықпен тоқылған тамаша кілемдерімізде айқын көрінеді.
Арақчи былай деп қосты: «Бірақ ұлт ретінде біздің негізгі талаптарымыз өте қарапайым және түсінікті: біз өз құндылығымызды, тәуелсіздігіміздің қадірін білеміз және ешкімге тағдырымызды анықтауға ешқашан рұқсат бермейміз».
Иран Сыртқы істер министрі: «Егер АҚШ президенті келісімге келуді қалайтын болса, Ислам революциясының жетекшісіне деген құрметсіз әрі қабылданбайтын үнінен бас тартып, оның миллиондаған шынайы ізбасарларына зиян тигізуді тоқтатуы керек»,-деді.
Арақчи былай деп қосты: «Израиль режимнің ирандық зымырандардан жаншылып қалмау үшін тек "бабасын" паналаудан басқа амалы жоқ екенін әлемге көрсеткен Иранның ұлы және құдіретті халқы әлемдіктерге қоқан-лоққылар мен қорлауларды  жақтырмайтын көрсетті. Егер иллюзиялар бұдан да үлкен қателіктерге апаратын болса, Иран өзінің шынайы күш-қуатын көрсетуден тартынбайды. Өз күш-қуаты туралы кез келген иллюзияны жояды».
Иран Сыртқы істер министрі: «Ізгі ниет ізгі ниетті, ал құрмет құрметті тудырады»,- деп баса айтты.