Иран сионистік режимнің қанша ұшқышсыз ұшағын атып түсірді?
ParsToday - Ислам революциясы Сақшылар корпусының бұрынғы қолбасшысы сұхбатында сионистік режим мен Иран арасындағы соңғы он екі күндік соғыстың әртүрлі аспектілері мен АҚШ пен сионистік режимнің ақпарат құралдарының шағымдарын түсіндірді.
Революция сақшыларының бұрынғы қолбасшысы генерал-майор Мохсен Резаи сейсенбі күні кешке берген сұхбатында: «Соңғы он екі күндік соғыста Израиль мен АҚШ Ираннан жеңілді»,- деді.
ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Резаи Вашингтон мен Тель-Авивтің соңғы оқиғаларға қатысты үгіт-насихаттарына сілтеме жасап: «Бұл үгіт-насихаттың бірнеше мақсаты бар: Біріншіден, қоғамдық пікірге күмән тудырып, Иранның жеңісіне күмән тудыратын әңгімелерді ойдан шығару. Екіншіден, Трамп ядролық мәселелер аяқталды деп айтқанда, мақсат Иранды теріс жолға түсіру»,- деп айтты.
Ол былай деп қосты: «Олар шынымен жеңді ме, жоқ па, соны көруіміз керек; Израильдің жетістіктері мен шығындарын бірнеше тұрғыдан қарастыруға болады. Израиль Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, соғыс осы 12 күнде шамамен 20 миллиард долларға жуық шығынға ұшырады. Осы 12 күнде американдық THAAD зымырандарының екі жылдық өндірісінің баламасы тұтынылды. Әрбір зымыран өте қымбат. Яғни, олар аспанға екі жылдық өндірісті 12 күнде аттандырды».
Резаи сөзін жалғастырып, Иранның әскери жетістіктеріне тоқталып: «Біз 80-ге жуық ұшқышсыз ұшақты атып түсірдік, олардың 32-сінің қалдықтары қазір біздің қолымызда. Оның ішінде «Гермес» пен «Херон» ұшқышсыз ұшақтары өте дамыған. Біздің радарларымыз 80 соққыны тіркеді. Сондай-ақ көптеген адам шығыны және Израильдің қауіпсіздік және экономикалық орталықтарының қирауы бар. Олардың бұл ауыр шығындардың орнына не ұтқанын әлі де анықтау керек»,- деп мәлімдеді.
Содан кейін ол сионистік режимнің қауіпсіздік тамырына тоқталып: «Израильдің өмір сүруінің негізі – «абсолютті қауіпсіздік» деп аталатын сөз. Олар әлемнің түкпір-түкпірінен адамдарды жинап, оларға «бұл жерде сендерге ешкім қауіп төндірмейді» деп айтқан. Экономикалық мүдде туралы да айтылған, ол да қауіпсіздікпен байланысты болды. Бірақ бұл жолы Израильдің қауіпсіздігі күйреді. Қауіпсіздікке нұқсан келтірілды және бұл Израильдің өмір сүруіне елеулі алаңдаушылық тудырды»,- деді.