Арақчи: Америкаға сенуге болмайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i82222-Арақчи_Америкаға_сенуге_болмайды
ParsToday - Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі: «Біз Америкаға ешқашан адал келіссөз жүргізуші ретінде сенген емеспіз»,- деп айтты.
(last modified 2025-12-14T12:59:04+00:00 )
Жел 14, 2025 18:00 Asia/Almaty
  • Арақчи: Америкаға сенуге болмайды

ParsToday - Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі: «Біз Америкаға ешқашан адал келіссөз жүргізуші ретінде сенген емеспіз»,- деп айтты.

ИИР Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи сенбі күні кешке «Әл-Жазира» арнасына берген сұхбатында: «Біз соғысты қаламаймыз, керісінше мәселелерді дипломатиялық жолмен шешкіміз келеді», - деді. ParsToday хабарлауынша, ол былай деп қосты: «Біз Америкаға ешқашан адал келіссөз жүргізуші ретінде сенген емеспіз. Америка ештеңеге адал болған жоқ, және менің ойымша, ешкім Америкаға сене алмайды».

Арақчи сионистік режимнің Иранға қайтадан шабуыл жасау мүмкіндігі туралы сұраққа да жауап берді: «Біз Израиль режимінің қайтадан шабуыл жасауы мүмкін екендігі туралы көп естиміз. Психологиялық соғыс нақты соғыстың бір бөлігі, және бұл, әрине, соғыс мүмкіндігін елемейміз дегенді білдірмейді. Біз толық дайынбыз; біздің қарулы күштеріміз бен халқымыз кез келген жағдайда елді қорғауға дайын».