Аятолла Хаменеи: Иран халқы бірлігімен бүлікшіліктің белін сындырды; Американың мақсаты - Иранды құрту
ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи халықтың әртүрлі топтарының мыңдаған өкілдерімен кездесуінде: «Американың, тек қазіргі президентінің ғана емес, мақсаты мен үздіксіз саясаты - Иранды құртып, бұл елге өзінің әскери, саяси және экономикалық үстемдігін қайтару»,- деп айтты.
Бүгін, сенбі күні, Беғсат мерекесінде Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Иран халқының әртүрлі топтарының мыңдаған өкілдерімен кездесуінде халыққа азап және елге шығын келтірген өткен күндердегі бүлік туралы тоқталды. Ол былай деді: «Бұл бүлік Алланың мейірімімен және халықтың, басшылардың және білікті қызметкерлердің арқасында жойылды, бірақ біз бүліктің мәнін және оның не үшін жасалғанын; оны жасағандар кімдер болғанын білуіміз керек, жауға қарсы біздің әрекеттеріміз қандай болады?»

ParsToday мәліметінше, аятолла Хаменеи «Иран халқын, Ислам үмметін және әлемдегі барлық бостандық іздеушілерді адамзат тарихындағы ең маңызды мерекемен құттықтап, Исламның ұлы пайғамбарының Беғсаты күнің Құран дүниеге келген, адамзаттың кемел адамды тәрбиелеу жөніндегі иләһи жоспардан хабардар болған күн, ислам өркениетінің бастамасы және әділеттілік, бауырластық және теңдік туы көтерілген күн деп атады. Ол былай деп қосты: «Әрине, Беғсаттың ізгіліктерін түсіну біз сияқты адамдардың мүмкіндігінен тыс және оны хазірет Әли (ғ.с.) сөздері және «Наһдж ул-Балағаны» зерттеу арқылы түсіну керек».
Ислам революциясының жетекшісі бүгінгі адамзат қоғамдарының көпшілігін, әсіресе Батыс қоғамдарын, надандық дәуірінен өзгеше келбеті мен әдебиетіне қарамастан, ахлақсыздық, зұлымдық, әділетсіздік, қорқыту және үстемдікке батып кеткен деп санап: «Ислам және мүміндер мен мұсылмандар, егер терең және жалпыға ортақ иманымен әрекет етсе, бүгінгі әлемді бұзақылық пен күйреу аңғарына құлаудан әділдік, құтқарылу және құрмет шыңдарына, сондай-ақ тозақтан жұмаққа жетелей алады», - деді.
Ислам революциясының жетекшісі өткен күндердегі бүлікті американдық деп сипаттап, американдықтардың әртүрлі қастандық әрекеттеріндегі негізгі мақсатына тоқталып: «Тек қазіргі президентінің ғана емес, негізі Американың мақсаты мен үздіксіз саясаты - Иранды жұтып, өзінің әскери, саяси және экономикалық үстемдігін қайтару; өйткені мұндай жері үлкен, халқы, нысандары, ғылыми-техникалық жетістіктерге ие және осындай сезімтал географиялық ортада орналасқан ел оларға төзімсіз», - деп мәлімдеді.

Аятолла Хаменеи АҚШ президентінің қиратушылар мен кісі өлтірушілерді Иран халқы деп атаған мәлімдемелерін ұлтқа тіл тигізу деп атап, былай деді: «АҚШ президенті бүлікшілерді ашық түрде қолдады, АҚШ пен сионистік режим оларға көмек көрсетті; сондықтан біз АҚШ президентін құрбандар мен залалдар үшін де, Иран халқына тіл тигізуі жаласы үшін де қылмыскер деп санаймыз».
Ол бүлікшіл туралы былай деді: «Оқиға орнында белсенділер екі түрлі болды; бір топты американдық және израильдік тыңшылық агенттіктері мұқият таңдаған, оларға ақша берумен қатар, қалай әрекеттену, өртеу, үрей тудыру және полициядан қашуды үйреткен. Полиция мен қауіпсіздік күштерінің жақсы жұмысының арқасында бұл қылмыскерлердің көпшілігі тұтқындалды.

Ислам революциясының жетекшісі бүлікшілердің екінші тобын бірінші топтың ықпалындағы жасөспірімдер мен жастар болғанына тоқталып, былай деп қосты: «Бұл топтың сионистік режиммен немесе тыңшылық агенттіктермен ешқандай байланысы болған жоқ, бірінші топ оларды жетелеп, олар жасауға болмайтын әрекеттерін жсады».
Имам Хаменеи былай деп қосты: «Бұлар жаяу әскерлер еді және олардың міндеті әртүрлі орындарға, үйлерге, кеңселерге және өнеркәсіп орталықтарына шабуыл жасау болды. Өкінішке орай, зұлым және жаттықтырылған элементтер басқарған надан және хабарсыз адамдар көптеген жаман істер мен үлкен қылмыстар жасады, мысалы, 250 мешітті қиратты, 250-ден астам білім беру және ғылыми орталықтарды қиратты, электр энергетикасы орталықтарына, банктерге, медициналық кешендер мен азық-түлік дүкендеріне шығын келтірді, олар бірнеше мың адамды өлтірді».
Ол мешіттердің бірінде бірқатар жастарды қамап, тірідей өртеу немесе үш жасар қызды және қорғансыз және бейкүнә ер адам мен әйелді өлтіру сияқты адамгершілікке жатпайтын және жабайы әрекеттерге тоқталып: «Бұл әрекеттер алдын ала дайындалған бүлік жоспарының бөлігі болды және қылмыскерлер шетелден әкелінген және осындай қылмыстарды жасау үшін бүлік элементтері арасында таратылған суық және атыс қаруларымен жабдықталған еді»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының бүлікті заласыздырғанын баса айтып: «Иран халқы 12 қаңтардағы миллиондаған халықтың қатысуымен өткен шерулерімен бұл күнді тарихи күнге айналдырды және жалған уәж айтушылардың аузын жауып, бүлікшілікті тоқтатты», - деді.
Аятолла Хаменеи Американың соңғы күндердегі бүлікте Иран халқының қолынан жеңілісін Америка мен сионистік режимінің 12 күндік соғыстағы жеңілісінің жалғасы деп сипаттап: «Олар бұл бүлікті көптеген дайындықтарымен үлкен істері үшін бастады. Бірақ Иран халқы бүлікті нәтижесіз қалдырды. Алайда бұл жеткіліксіз, АҚШ өз әрекеттері үшін жауап беруі керек», - деді.
Ислам революциясының жетекшісі: «Иран халқы Алланың көмегімен бүліктің белін сындырғандай, бүлікшінің де белін сындыруы керек», - деп баса айтты.