Арақчи: Америка Иранға қарсы әрекеттері үшін жауап беруі керек
ParsToday - ИИР Сыртқы істер министрі былай деп баса айтты: «Америка Иранға қарсы әрекеттері үшін жауап беруі керек».
ParsToday хабарлауынша, ИИР Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және жариялау институтының «Иран дауысы» интернет газетіндегі мақаласында Иран Сыртқы істер министрлігі ел халқының құқықтарын қорғау аясында АҚШ үкіметінің таңылған 12 күндік соғыс пен Ирандағы соңғы террористік әрекеттері үшін халықаралық жауапкершілікке тартуды заңды және үздіксіз қадағалайтынына тоқталып: «Америка өз әрекеттері үшін жауап беруі керек», - деді.
Арақчи Ирандағы соңғы террористік актілер кенеттен болған бейберекетсіздік емес, керісінше, Америка Құрама Штаттары мен сионистік режимнің барлау, БАҚ және операциялық қолдауымен мақсатты жобаның бір бөлігі болғанын нақты дәлелдейтін дәлелдер мен ресми мәлімдемелер бар екенін мәлімдеп, былай деп айтты: «Осыдан басқа, ИИР-ның кейбір елдердегі саяси және консулдық қызметтеріне жасалған шабуыл 1961 және 1963 жылдардағы Дипломатиялық және консулдық құқықтар туралы Вена конвенцияларын бұзудың және дипломатияның қызыл сызықтарынан өтудің айқын белгісі болып табылады».
Иранның Сыртқы істер министрі былай деп қосты: «Иран Ислам Республикасына қарсы 12 күндік таңылған соғыстың жалғасында орын алған соңғы оқиғалар мен ұйымдасқан террористік операциялар ИИР-на қатысты АҚШ үкіметінің әрекеттерінің шынайы келбетін тағы да әшкереледі. Сонымен бірге, халықаралық қатынастар саласында қоғамдық пікір алдында түбегейлі сұрақты көтерді: «Үкіметтер басқа елдердің ішкі істеріне ешқандай шығын төлемей ашық араласа бере ала ма?» Арақчи былай деп қосты: «Қылмыстық элементтерді жаттықтыру, жабдықтау және басқару, зорлық-зомбылықты тікелей ынталандыру және Иранның ішкі қауіпсіздігін тұрақсыздандыруға тырысу - бұл оқиғаларды бейбіт ішкі наразылық деңгейінен тыс шығарып, оларды террористік әрекеттерден басқа халықаралық құқықтың күрделі мәселелеріне айналдырған факторлар».
Иранның заңды қадамы; Халықаралық жүйеге айқын хабарлама
Арақи сонымен қатар былай деп қосты: «АҚШ-тың Иранға қарсы араласулары мен дұшпандық әрекеттерін құжаттау жұмыстар жүргізілуде және құзыретті ішкі және халықаралық органдардың алдында сот істерін күн тәртібіне қою үшін қажетті заңды дайындықтар жасалды. Бұл жол байыпты түрде жалғасады›. ИИР Сыртқы істер министрлігі халқының құқықтарына нұқсан келтірмейді және терроризмді қолдаудың халықаралық жүйеде шығынсыз үдеріске айналуына жол бермейді. АҚШ өз әрекеттері үшін жауапты болуы керек.