Имам Хаменеидің Америкаға ашық ескертуі: Егер соғыс бастасаңдар, ол аймақтық соғыс болады
ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының әртүрлі топтарының мыңдаған өкілдерімен кездесуінде: «Иран халқы жақында болған американдық-сионистік бүлікті бұрынғы барлық қастандықтар сияқты тас-талқан етті және болашақта да кез келген оқиғаға қарсы тұрып, сәтсіздікке ұшыратады», - деді.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жексенбі күні, қасиетті «Фаджр» онкүндігінің бірінші күнінде және Иранның әртүрлі әлеуметтік топтарының мыңдаған өкілдерімен кездесуінде 12-ші бахманды ерекше және тарихқа толы күн деп атады. Аятолла Хаменеи «Жеке, авторитарлық, дінге қарсы және тәуелді» Пехлеви үкіметінің «дінге негізделген және үстем күштердің қысымына қарсы тұрған халықтық үкіметке» айналуына сілтеме жасай отырып, Американың Иранды жұтып қою әрекетін және ұлы халықтн бұл ашкөздікке қарсылығын Иран мен Америка Құрама Штаттары арасындағы 47 жылдық қақтығыстың негізгі себебі деп санады.
Ислам революциясының жетекшісі американдықтардың соңғы мәлімдемелеріне сілтеме жасай отырып: «Олар Иран халқын қорқыту үшін «барлық нұсқалар үстел үстінде» деп айтатын, әрине, егер олар бұл жолы соғыс бастаса, бұл «аймақтық соғыс» болатынын білуі керек», - деп қосты.
Аятолла Хаменеи Иранды иелеріне – ұлтқа – қайтаруды және Американың Ираннан ықпалын үзуді Ислам Республикасы жүйесінің сипаттамаларының бірі деп санап, былай деді: «Бұл сипаттама Американы ашуландырып, алаңдатты, сол күннен бастап халық пен жүйеге деген дұшпандыққа әкелді».
Иранның әртүрлі салалардағы жетістіктерін еске ала отырып, аятолла Хаменеи былай деп қосты: «Иран халқының бір күні американдықтар олар жасаған қаруларды көшіріп жасайтын деңгейге жететініне кім сенген? Мұның бәрі Имам Хомейнидің (р.а.) ұлтта «үміт пен өзіне деген сенімділіктің көрінісі» ретінде қалыптастырған өзіне деген сенімділігінің, үмітінің және амбициясының нәтижесі болды және халықты ұмтылуға және әрекеттенуге жігерлендірді».
Шынымен зұлым шетелдік және жергілікті шайтандардың «ирандық жастардың үміті де, болашағы да жоқ» деген азғыруларын еске түсіре отырып, ол: «Ирандық жастардың үміті де, жігері де бар, және сендердің мақсаттарына керісінше, олар болашақты жасайды», – деді.
Ислам революциясының жетекшісі сөзінің басқа бөлігінде 8-9 қаңтардағы тәртіпсіздіктердің американдық және сионистік сипатын атап өтіп, тәртіпсіздік жасаушыларды «шоқпар ұстаушылар» мен «жаяу әскерлер» тіркесімі деп сипаттап, былай деп қосты: «Көптеген көшбасшылар, мойындағандай, тұтқындалған, өз әрекеттері үшін ақша алды және орталықтарға шабуыл жасау, жастарды жинау және жұмылдыру бойынша дайындықтан өтті; бірақ тәртіпсіздік жасаушылардың басқа тобы, біздің ешқандай проблемамыз жоқ эмоционалды жастар болды».
Аятолла Хаменеи АҚШ президентінің сөздерін жақында болған бүліктің американдық және сионистік сипатын айқын көрсетеді деп тоқталып, былай деді: «Ол Иран халқы деп атаған тәртіпсіздік жасаушыларға: «Алға жүріңдер, мен де келе жатырмын!» деп ашық айтты. Әрине, олардың пікірінше, бұл бірнеше мың тәртіпсіздік жасаушылар Иран халқы болды, бірақ 12 қаңтарда ел бойынша жиналған миллиондаған адам Иран халқы емес».
Ислам революциясының жетекшісі Ислам Республикасының жаңа ойлары мен жолын және оның әлемнің бұзақыларының мүдделерімен үйлеспеуін олардың жалғасып жатқан дұшпандығының себебі ретінде атап: «Осы себепті, жақында болған бүлік Тегерандағы алғашқы бүлік емес, сондай-ақ соңғы бүлік те емес, мұндай оқиғалар болашақта қайталануы мүмкін», - деді.
Аятолла Хаменеи былай деп қосты: «Бұл дұшпандық әрекеттер Иран халқы тұрақтылығымен, табандылығымен және істерді толық бақылауымен жауды үмітсіздендіруге мәжбүр еткенше жалғасады және біз осы нүктеге жетеміз».
Аятолла Хаменеи жақында болған американдық бүлікшілікті сипаттай отырып, оның бірінші ерекшілігі бүлікшілердің базаршылардың наразылықтарының артына тығылуы деп, былай деді: «Бүлікшілер қалаларға шабуыл жасаған кезде әйелдер мен балаларды қалқан ретінде пайдаланатын қылмыскерлер сияқты, танылмас үшін логикалық және дұрыс сөйлейтін және көшеге шыққан базаршылардың артына тығылды».
Ислам революциясының жетекшісі былай деп қосты: «Әрине, ақылды базаршылар тәртіпсіздік жасаушылардың полиция бөлімшелеріне шабуыл жасау сияқты әрекеттерін көргеннен кейін, олардан бөлініп, тәртіпсіздік жасаушыларды жайына қалдырды».
Ол жақында болған бүліктің екінші ерекшелігін оның квази-төңкеріс сипаты деп атап, былай деді: «Әлемдегі кейбіреулер атап өткендей, бұл бүлік төңкеріске ұқсас болды; әрине, ол басылды, бірақ полицияға, Сақшылар корпусы орталықтарына, кейбір үкімет орталықтары мен банктерге шабуыл жасау және мешіттер мен Құран сияқты рухани элементтерге шабуыл жасау арқылы елді басқарудағы сезімтал және тиімді орталықтардың жойылуы бұл шындықты көрсетеді».
Аятолла Хаменеи қаңтардағы тәртіпсіздіктердің тағы бір ерекшелігі ретінде шетелде бүлік шығаруды жоспарлауды және оның ішкі көшбасшыларының спутниктік ақпарат сияқты әртүрлі құралдарды пайдалануын атап өтіп, былай деп айтты: «Алынған ақпаратқа сәйкес, үкіметтегі ықпалды американдық элемент ирандық әріптесіне ОББ мен Моссадтың тыңшылық агенттіктері бұл мәселеге барлық ресурстарын жұмылдырғанын айтты».
Ислам революциясының жетекшісі тәртіпсіздіктер жетекшілерінің құрбандар санын көбейтуге қол жеткізгеніне өкініш білдіріп: «Адамзат жүрегі осы немқұрайлы және бейқам жастар үшін ауырады», - деді. Аятолла Хаменеи жаудың өлім санын он есе көп көрсетуге тырысуына сілтеме жасап: «Олар өлім санының бұдан да көп болуын қалады; расында, құрбандардың бұл саны да өте өкінішті», - деді.