ИИР Сыртқы істер министрі аймақ елдері сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i82936-ИИР_Сыртқы_істер_министрі_аймақ_елдері_сыртқы_істер_министрлерімен_телефон_арқылы_сөйлесті
ParsToday- АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы әскери шабуылынан кейін Сейед Аббас Арақчи аймақтағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесіп: «ИИР өзін қорғау заңды құқығына сәйкес өзінің барлық қорғаныс және әскери мүмкіндіктерін қолданады»,- деді.
(last modified 2026-03-02T07:47:17+00:00 )
Нау 02, 2026 13:44 Asia/Almaty
  • ИИР Сыртқы істер министрі аймақ елдері сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті

ParsToday- АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы әскери шабуылынан кейін Сейед Аббас Арақчи аймақтағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесіп: «ИИР өзін қорғау заңды құқығына сәйкес өзінің барлық қорғаныс және әскери мүмкіндіктерін қолданады»,- деді.

ИИР Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар, Кувейт, Бахрейн және Ирак әріптестерімен сөйлесіп, ағымдағы өзгерістер туралы хабарландырып, бұл әскери шабуылды БҰҰ Жарғысын бұзу және халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке қарсы айқын қылмыс деп атап: «ИИР өзін қорғау заңды құқығына сәйкес өзінің барлық қорғаныс және әскери мүмкіндіктерін қолданады»,- деді.
Иран Сыртқы істер министрі елдің аймақтың барлық мемлекеттерімен достық саясат орнату ерік-жігеріне және халықаралық құқықтың басқа елге қарсы агрессияға қатысуға тыйым салатын негізіне тоқталып, аймақтағы барлық елдердің АҚШ пен сионистік режимнің олардың мүмкіндіктері мен жерін өз мүдделеріне пайдалануының алдын алу жауапкершілігін еске салып: «Халықаралық құқыққа сәйкес Иран қарулы күштері өз елін АҚШ пен сионистік режимнің шапқыншы әрекетінен қорғайды»,- деді.  
Арақчи былай деп сөзін жалғады: «АҚШ пен сионистік режимнің соғысы тек Иран халқына ғана қарсы емес, аймақтың бүкіл елдеріне қарсы. Сондықтан аймақтың барлық мұсылман халықтары мен үкіметтері тарихи жауапкершілігіне сәйкес сионистік режимнің сұм жобасына қарсы әрекеттенуі керек».