Пезешкиан: Діни жетекші кеңесі жұмысын бастады
ParsToday- ИИР Президенті Діни жетекші кеңесінің жексенбіден жұмысын бастағанын жариялап: «Діни жетекші кеңесі бүкіл күшімен шәһид болған Ислам революциясы жетекшісінің жолын жалғастырады»,- деді.
ParsToday-дың IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Масуд Пезешкиан бейне жолдауында: «АҚШ пен Израиль Ислам революциясы жетекшісін өлтірулері олар үшін өкініштен басқа ешнәрсе әкелмейді»,- деп айтты.
Ол былай деп қосты: «Иранның қарулі күштері бүкіл күш-қуатымен дұшпанның базаларына қарсы шабуылдарын жалғастырады және оларды үмітсіздендіреді».
Пезешкиан: «Пайғамбарлар мен қоғам басшылары әлем халықтарына қырағылық, азаттық пен әділеттілік жолдауын жеткізу үшін келеді. Олардың кетуімен бұл жол жетекшісіз қалмайды»,- деп сөзін жалғады.