Пезешкиан: Биыл Наурызды басқа жылдардан көбірек қажет етеміз; бірлікті көрсететін Наурыз
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83278-Пезешкиан_Биыл_Наурызды_басқа_жылдардан_көбірек_қажет_етеміз_бірлікті_көрсететін_Наурыз
ParsToday - Иран Президенті: «Биыл Наурызды басқа жылдардан көбірек қажет етеміз; жаһанға бірлікті көрсететін Наурыз».
(last modified 2026-03-21T10:51:16+00:00 )
Нау 21, 2026 15:41 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Биыл Наурызды басқа жылдардан көбірек қажет етеміз; бірлікті көрсететін Наурыз

ParsToday - Иран Президенті: «Биыл Наурызды басқа жылдардан көбірек қажет етеміз; жаһанға бірлікті көрсететін Наурыз».

ParsToday-дің мәліметінше, Иран Президенті Масуд Пезешкиан Наурыз мерекесіне арналған құттықтауында: «Биыл Наурызды басқа жылдардан көбірек қажет етеміз; жаһанға бірлікті көрсететін Наурыз. Біздің мәдениет пен елде Наурыщ өмірде жаңа бастама ретінде болды»,- деді.

Иран Президенті былай деп қосты: «Ең алдымен, Ислам революциясы жетешісі мен елдің қызметшілерінің шәһид болуына байланысты барша Иран халқына көңіл айтамын».

Ол сөзін жалғастырып: «Жаңа жыл келген сайын оқып жүретін дұғамыз – Ұлы Алладан біздің жағдайымызды жақсартып, жүректерімізді өз жолына бағыттауды сұраймыз»,- деді.

Пезешкиан: «Биыл екі қасиетті оқиға қатар келді: бірі – Наурыз, екіншісі – біздің Ораза айтымыз. Біздің мәдениетте және сенімде Наурыз ежелдегі ғасырлардан бері өмірде жаңа бастама ретінде белгілі» деді.

Иран Президенті былай деп қосты: «Барлық араздықты, ренішті және келіспеушілікті жоюға тырысуымыз керек. Биыл Наурызға басқа жылдарға қарағанда қаттырақ мұқтажбыз, біздің мәдениетте бірлікті, ынтымақтастықты және ұлттық келісімді көрсететін Наурызға».

Ол: «Кекшілдікті шеттету керек, ол үшін кедергілер мен реніштерді ұмытып, қол ұстасып, елді дағдарыс пен дауылдан биікке шығаруымыз керек. Ораза айт – бір айдан кейін рухты өзгерту мерекесі» деді.

Иран Президенті: «Біз мұсылман елдерімен қақтығысуды көздемейміз, исламдық елдерімен соғысу ниетіміз жоқ. Олар біздің бауырларымыз. Пайда болған келіспеушілік – біздің қоғамда және мұсылмандар арасында бізді қиындыққа тірейтіе жау»,- деп айтты.

Пезешкиан: «Қасиетті Рамазан айында еш себепсіз басшыларымызды шәһид етті. Еш себепсіз қолбасшыларымызды, министрлерімізді және адам құқығы мен адамгершілік туралы сөйлейтіндерді шәһид етті етті»,- деп айтты.

Ол сөзін былай деп жалғастырды: «Мектепте 168 бейкүнә аяулы баланы шәһид етті. Олар адамгершілік туралы сөйлейді, бізге адам құқығын көрсетеді» деді.

Иран Президенті: «Біздің сенім – адамгершілікке қызмет ету, әр қиындықтан қол ұстап, әр науқас адамға көмектесу. Бірақ олар әлемде сөздерімен, істермен және ұрандарымен бізді кінәлі етіп көрсетеді» деді.

Пезешкиан баса айтты: «Біз ешқашан ядролық қару шығаруды мақсат етпедік. Әр жолы Қорғаныс кеңесі мүшелерімен және қолбасшылармен  ислам революциясы жетекшісіне келгенде, ол кісі шешімді: «Ядролық қару шариғат бойынша харам» деп мәлімдеді». Ислам республикасында ешбір жауапты тұлға жаппай қырып жоятын қаруды дамытуға бара алмайды».

Ол былай деп қосты: «Бірақ Америка және оның президенті әлемге біз ядролық қаруға жасауды көздейді деп жеткізеді. Жаппай қырып-жоюды мақсат етеді дейді. Өкінішке орай, әлемдік БАҚ жалған сөздерді қабылдап, сол бойынша айтады».

Пезешкиан: «Біз аймақты қаупке тіреушілермен күресуге ниеттіміз. Олар ойынша, егер ел басшысы шәһид болса, қолбасшылар шәһид болса, елдің негізі ыдырап кетеді».

Ол: «Осы күндері жауынгерлеріміз соғысып, бүгін де күшпен және төзімділікпен елді қорғап жатқанда, халқымыз ерекше көрініс көрсетті. Ел соғысқа түскен 20 күнде ораза ұстап жүрген халық көшелерді бір күн де бос қалдырмады – көпшілік үшін сенімсіз көрініс»,- деді.

Пезешкиан: «Америка Президенті: «Бұл жасанды интеллект» деп айтты және тілшілерін осы «жасанды интеллекттің» қалай қозғалып, адамгершілікті, құқықтарды, халықты және елдің тұтастығын қорғайтынын көру үшін жіберуді ұсынды» деп айтты.

Ол қосты: «Бұл – өз елі мен жері үшін ақыр соңына дейін  қорғау үшін шыққан еліміздің халқы,  біз оларға ризамыз».

Иран Президенті: «Басидж және ІІМ-нің халық қауіпсіздігін сақтаудағы ерекше рөлі мақтауға лайық болды, өйткені көп жерлер жойылғанына қарамастан. Мен оларға ризамын. Сондай-ақ мешіттерде және көшелерде еріктілердің қызметтеріне алғыс айту керек».

Ол қосты: «Үкімет те осы уақытта қызметтерді үзбей, кемшілік жасамауға тырысты. Шетелдегі ирандықтарды да жаңа жылда араздықты жауып, бірлікпен елдің абыройы үшін күресуге шақырамын».

Пезешкиян: «Иранды қоршаған құрметті көршілер, сендер біздің бауырларымыз. Қарым-қатынастағы кемшіліктер мен зақымдар үшін дұғамыз – Алла бұл келіспеушіліктерді жоятын болсын. Сіздермен барлық мәселелерді шешуге дайынбыз» деді.

Ол: «Ұсынысымыз – аймақтағы ислам елдерінен қауіпсіздік құрылымын құру арқылы аймақта бейбітшілік пен тыныштық орнату, аймақтың бейбітшілігін, қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету» деді.

Иран Президенті былай деп баса айтты: «Біз аймақта бөгде адамдардың болуына мұқтаж емеспіз; ислам елдерімен ынтымақтастық арқылы «Таяу Шығыс ислам парламентін» құрып, қауіпсіздік, экономикалық, мәдени және саяси қатынастарды реттей аламыз».

Ол: «Біздің бір-бірімізбен соғысуға құқығымыз жоқ, жаулардың біз үшін дайындаған тосқынына кіруге құқығымыз жоқ; әлемге аймақта тәртіпсіздік орнатуды көздемейтінімізді мәлімдейміз, еш елдің өзін сақтау үшін қару жинап,  шабуыл күтуін қалаймыз» деді.

Пезешкиан: «Біз басқа елдердің ішкі ісіне араласу туралы ойламаймыз, аймақтың қауіпсіздігі мен тыныштығын бұзылуын қаламаймыз. Бұл мәселелерді өзіміз бір-бірімізге көмектесіп шеше аламыз. Бұл аймақ елдеріне хабар: ортақ басылымдарда Иран аймақтың тәртіпсіздігінің себебі деп жар салу орнына, Израиль аймақта тәртіпсіздік, қырғыншылық, террор және бұзақы жасаушы» деді.

Ол: «Иран халқы білуі керек: бір-біріне көмектесіп елді құрып, халыққа абырой мен бедел әкелеміз; көршілермен бейбітшілік пен достықпен аймақты тыныштыққа, дамуға және экономикалық өрлеуге бағыттаймыз. Көршілермен бірге аймақта қауіпсіздік пен саулылықты қамтамасыз ете аламыз» деді.