Мұхаммад Акраминиа: Егер жерден кіруі келсе, ауыр соққылар алады
ParsToday- ИИР әскерінің баспасөз өкілі былай деп айтты: «Ормуз бұғазы әрқашан қауіпсіз және бейбіт өткел болды, тіпті аймақтан тыс елдер де кемелерін өткізу үшін оны пайдаланды».
ParsToday хабарлауынша, ИИР әскерінің баспасөз өкілі Мұхаммад Акраминиа, жексенбіде американдық-сионистік әскери шабуыл туралы сұхбатында: «АҚШ-тың Иран Ислам Республикасымен негізгі мәселесі ешқандай ядролық мәселе емес; Иранның күш-қуаты мен тәуелсіздігі, бүгінгі күні әлемде аз ғана елдерде тәуелсіздікке ие» деді.
Ол агрессордың құрылық шекаралары арқылы Иранға кіру ықтималы туралы: «Дұшпанның жоспарлаған кез келген сценариіне толық дайындық бар, соғысқа тіпті құрылық шекараларынан кіріп келсе де. Бұл біздің күшті тұсымыз»,- деп мәлімдеді.
Мұхаммад Акраминиа: «Егер дұшпан құрылық шекараларынан кірестін бола, міндетті түрде ауыр соққылар алады және зардап шегеді; бүгінгі қашықтан жүріп жатқан соғыстан әлдеқайда ауыр зардап» деп баса айтты.
Иран әскерінің баспасөз өкілі Ормуз бұғазы туралы: «АҚШ пен сионистік режимнің бұл қылмыстық әрекеттері бұғаздың қауіпсіздігін қауіпке тіреді. Ормуз бұғазы әрқашан қауіпсіз және бейбіт өткел болды, аймақтан тыс елдер де кемелерін өткізу үшін пайдаланды. Бірақ бұл шабуылдан кейін жағдай өзгерді» деді.
Ол сөзін былай деп жалғастырды: «Иран шабуыл мен қауіп астында болған жағдайда, басқа елдердің бұғаздың қауіпсіздігін пайдалануы логикалық тұрғыдан қабылданбайды. Яғни бұғаздың негізгі бөлігі Иранның қолында болып, біздің одан қажетті пайда көрмеуіміз қисынға жатпайды».