Ислам революциясы жетекшісі: Иран Ислам Республикасының саясаты әрқашан қарсыласуды қолдауға негізделген
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83524-Ислам_революциясы_жетекшісі_Иран_Ислам_Республикасының_саясаты_әрқашан_қарсыласуды_қолдауға_негізделген
ParsToday- Иран Ислам революциясының жетекшісі Аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи Ливанның Хизболласы хатшысына жолдауында АҚШ және сионистік жауға қарсы қарсыласуды қолдауды жалғастыруға баса назар аударды.
(last modified 2026-04-06T10:25:20+00:00 )
Сәу 01, 2026 13:17 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі: Иран Ислам Республикасының саясаты әрқашан қарсыласуды қолдауға негізделген

ParsToday- Иран Ислам революциясының жетекшісі Аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи Ливанның Хизболласы хатшысына жолдауында АҚШ және сионистік жауға қарсы қарсыласуды қолдауды жалғастыруға баса назар аударды.

ParsToday хабарлауынша, Аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи Ливан Хизболласы хатшысы шейх Наим Қасымға жолдауында Ислам революциясының ұлы жетекшісінің шәһид болуына орай білдірген қайғысы мен көңіл айтуына, сондай-ақ Ливан  Хизболласы жауынгерлерінің көрсеткен сезімі, махаббаты мен адалдығына алғыс білдірді.

Аятолла Хаменеи жолдауында Ислам үмметінің ең үлкен жаулары – АҚШ және сионистік режимге қарсы табандылық пен қарсыласу Ислам революциясының шәһид болған жетекшісінің ең айқын ерекшеліктерінің бірі екенін атап өтті.

Ислам революциясының жетекшісі шәһид қажы Қасым Сүлеймани  сияқты ұлы шәһидтердің, сондай-ақ Сақшылар корпусы мен әскердің басқа да ұлы қолбасшыларының жолының шындық куәсі ретінде қарсыласу жолын жалғастыратынына тоқталды.

Аятолла Хаменеи Ислам қарсыласуының тарихы күрес, батылдық және құлшылықпен толық екенін еске салды; мұнда қарсыласу қолбасшылары Ислам үмметін қорғау үшін ешқандай қауптен қорықпай жанын құрбан етті.

Ол  Хизболла  қолбасшылары – шәһид шейх Рағеб Харб пен Сейед Аббас Мусавиден Сейед Хасан Насролла және Сейед Хашим Сафи ад-Динге дейін осы жолдың және берік ұстанымның нағыз үлгілері болғанын айтты.

Ислам революциясының жетекшісі  Хизболла хатшысына: «Сіз бүгін қарсыласу тарихының осы маңызды кезеңінде бұл қозғалыстың басшылығын мойныңызға алдыңыз» деп айтып, оның сана-сезімі, қырағылығы мен батылдығы сионистік жаудың жоспарларын нәтижесіз қалдыратынына және Ливан халқына мақтаныш, абырой мен тыныштықты қайтаратынына сенім білдірді.

Аятолла Хаменеи жолдауының соңында Иран Ислам Республикасының саясаты әрқашан имам Хомейни мен шәһид имам Хамеинидің жолы бойынша сионистік және американдық жауға қарсы қарсыласуды қолдауға негізделгенін баса айтып, барлық жауынгер бауырларға табыс тіледі.