«Хатам әл-Анбия» орталығының қолбасшысы: Дұшпанның алдынан тозақ есіктері ашылады 
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i83600-Хатам_әл_Анбия_орталығының_қолбасшысы_Дұшпанның_алдынан_тозақ_есіктері_ашылады
ParsToday - Генерал-лейтенант Абдоллахи: «Американдық-сионистік дұшпан шабуыл жасаса, олардың барлық инфрақұрылымдарына үздіксіз шабуылдар  жасаймыз»,- деді.
(last modified 2026-04-06T07:41:38+00:00 )
Сәу 05, 2026 12:02 Asia/Almaty
  • «Хатам әл-Анбия» орталығының қолбасшысы: Дұшпанның алдынан тозақ есіктері ашылады 

ParsToday - Генерал-лейтенант Абдоллахи: «Американдық-сионистік дұшпан шабуыл жасаса, олардың барлық инфрақұрылымдарына үздіксіз шабуылдар  жасаймыз»,- деді.

«Хатам әл-Анбия» орталық қолбасшысы ұшқыш генерал-лейтенант Әли Абдоллахидің американдық-сионистік дұшпанға ескертуінің толық мәтіні:
«АҚШ-тың агрессиялық және соғысқұмар президенті бірінен соң бірі орын алған сәтсіздіктерінен кейін ақылсыз, ашушаң, тепе-теңдіктен тыс және ақылсыз әрекетте елдің инфрақұрылымдары мен ұлттық байлықтарымызға қауіп төндірді.
Біз Қарулы күштер ұлт құқықтарын қорғау және ұлттық байлықтарды сақтау үшін дайынбыз және әрбір агрессорды орнына қоямыз.
Американдық-сионистік дұшпан шабуыл жасаса, Американың терроршы әскері пайдаланатын барлық инфрақұрылымдарды және сионист режимінің инфрақұрылымдарын үздіксіз шабуылдарға ұшыратамыз. 
Таңылған соғыс басталғаннан бері біз айтқанымызды орындадық. Бұл жолдаудың қарапайым мағынасы: сіздер үшін тозақ есіктері ашылады».