Бақаи: Папаға тіл тигізу – бейбітшілік пен әділеттілік талабына шабуыл
ParsToday – Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ президентінің Папа мен христиандыққа тіл тигізуіне реакция білдірді.
ParsToday хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Бақаи католиктер көшбасшысы Папаға америкалық шенеуніктердің тіл тигізуіне қатысты X желісінде былай деп жазды: «Бомбалардың гуілі мен соғысты басқарушылар мен шабуыл жасауышлардың шуылдары әлемдіктер ұжданына ауыртпалық әкеліп отырған дәуірде, Папа Лев XIV-тің сөздері Інжілдің адамди-илаһи үнін қайта жаңғыртады: «Бейбітшілдер бақытты»».
Ол былай деп қосты: «Папа Лев XIV-ке тіл тигізу тек христиандық ілімдерге қайшы әрекет емес, сонымен қатар бейбітшілікке шақыру, әділеттілікке ұмтылу және адамгершілік үніне ашық шабуыл болып табылады».