Бақаи: Иран жоспары тек соғысты аяқтауға бағытталған; Ядролық тақырыпқа келіссөздер жүргізілмейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84052-Бақаи_Иран_жоспары_тек_соғысты_аяқтауға_бағытталған_Ядролық_тақырыпқа_келіссөздер_жүргізілмейді
ParsToday- Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі БАҚ-тағы Иран жоспары туралы мәлімдемелерді жоққа шығарып: «Біздің жоспарымыз тек соғысты аяқтауға бағытталған»,- деді.
(last modified 2026-05-04T09:17:43+00:00 )
Maм 04, 2026 13:35 Asia/Almaty
  • Бақаи: Иран жоспары тек соғысты аяқтауға бағытталған; Ядролық тақырыпқа келіссөздер жүргізілмейді

ParsToday- Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі БАҚ-тағы Иран жоспары туралы мәлімдемелерді жоққа шығарып: «Біздің жоспарымыз тек соғысты аяқтауға бағытталған»,- деді.

ParsToday-дің «Тасним» жаңалықтар агенттігінің халықаралық бөліміне сілтеме жасап хабарлауынша, Исмаил Бақаи Al Jazeera арнасының Иран жоспарында уран байытуын 15 жылға тоқтату туралы мәлімдемесіне жауап беріп: «Мен айта алатын нәрсе – біздің жоспарымыз тек соғысты аяқтауға бағытталған, ядролық мәселелердің егжей-тегжейлері мүлдем жоспарда жоқ», - деді.

Ол былай деп қосты: «Қазір біз аймақта, соның ішінде Ливанда соғысты аяқтауға назар аударып отырмыз. Айтылған қалған мәселелердің бір бөлігі біздің бұрынғы ядролық келіссөздерге байланысты, ол келіссөздер «ядролық келіссөздер» деп аталатын, сионистік режим мен АҚШ соғысына әкелген екі раундта өтті. Иранның 14 баптық жоспары соғысты аяқтауға бағытталған, ал шетелдік БАҚ айтқан мәселелер біздің жоспарымызда жоқ».

Иран СІМ өкілі елдің соғысты аяқтау жоспарында ешқандай ядролық мәселе көтерілмегенін баса айтып: «Бұл кезеңде бізде ядролық келіссөздер жоқ», – деп баса айтты.  

Араб БАҚ-ның Иранның миналарды тазартуға міндеттеме және АҚШ-тың миналарды тазартуға қатысуы туралы мәлімдемелерін жоққа шығарып, бұл да кейбір БАҚ-тың қиял өнімі екенін айтты.   

Бақаи қарсы жақтың кепілдіктері туралы: «Кепілдік – біздің өздеріміз, біздің күшіміз және өзіміздің қолымыздағы құралдар»,- деп айтты.

Иран СІМ өкілі соңында: «Америкалық жақ біздің жоспарымызға жауап берді және оны пәкістандықтарға жіберді. Бұл көзқарас қаралуда, қорытынды жасалған соң Иран жауабын береді»,- деп мәлімдеді.