Иранның Қорғаныс министрі Мәскеуге аттанды
Иран Ислам Республикасының Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі Ресейдің жоғары мәртебелі қайраткерлерімен кеңесу мақсатында Мәскеуге аттанды.
Иранның Қорғаныс министрі бригада генералы сардар Хосейн Деһқан Мәскеуге сапарында Ресейдің саяси-қорғаныс саласының қайраткерлерімен кездесіп, екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелер туралы сұхбаттасады. Байланысты кеңейту және қорғаныстық, әскери-техникалық ынтымақтастықтарды өрістету Иран Қорғаныс министрінің Ресей сапарының маңызды мақсаттарына жатады.
Бұл Иранның Қорғаныс министрі Хосейн Деһқанның екі елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейту шеңберіндегі екі жақты тұңғыш ресми сапары болып саналады.
Аймақтық тұрғыдан да Сирияда лаңкестік топтардың жеңілуімен олардың демеушілерінің қарсыласу өзегін әлсірету жолындағы талпыныстары ұлғайған. Осы жағынан Иран мен Ресейдің Мәскеудегі қорғаныс саласындағы кеңесулері маңызға ие.