Арақчи: Халқымызды қорғауға дайындығымыз 1000 пайыз
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84124-Арақчи_Халқымызды_қорғауға_дайындығымыз_1000_пайыз
ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі Американың жаңа шытырман оқиғасына қарсы ескерту жасап: «Біз халқымызды қорғауға 1000 пайыз дайынбыз»,- деді.
(last modified 2026-05-09T04:45:30+00:00 )
Maм 09, 2026 09:38 Asia/Almaty
  • Арақчи: Халқымызды қорғауға дайындығымыз 1000 пайыз

ParsToday - Иранның Сыртқы істер министрі Американың жаңа шытырман оқиғасына қарсы ескерту жасап: «Біз халқымызды қорғауға 1000 пайыз дайынбыз»,- деді.

ParsToday хабарлауынша, Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи Американың жаңа шытырман оқиғасына жауап ретінде жолдаған хабарламасында былай деді: «Дипломатиялық шешім үстелге қойылған сайын, АҚШ мағынасыз әскери шытырман оқиғаға жүгінеді. Бұл тек соқыр қысым жасау тактикасы ма? Әлде АҚШ президентін қайтадан батпаққа сүйреп апарғысы келетін диверсанттың айла-шарғысы ма?»

Ол былай деді: «Себебі қандай болса да, нәтиже әрқашан бірдей: ирандықтар ешқашан қысымға бой алдырмайды, бірақ дипломатия әрқашан құрбан болады».

Арақчи былай деп қосты: «Осыны да ОББ қателесіп отырғанын айту керек. Біздің зымыран қорларымыз бен ұшыру қуатымыз 28 ақпанбен салыстырғанда 75 пайыз емес; дұрыс көрсеткіш 120 пайыз, халқымызды қорғауға дайындығымыз: 1000 пайыз!»