Генерал Акраминия: Бізде жау үшін күтпеген нұсқалар бар
ParsToday - Иран Ислам Республикасы армиясының баспасөз хатшысы: «Егер жау тағы да қате есептеулер жасаса, ол міндетті түрде басқа да күтпеген нұсқаларға тап болады», - деп атап өтті.
ParsToday хабарлауынша, ИИР армиясының өкілі бригада генералы Мұхаммад Акраминиа «егер жау тағы бір қателік жасаса, ол міндетті түрде басқа да күтпеген нұсқаларға тап болатынына» тоқталып: «Иран қарулы күштеріндегі жолдастарымыздың табандылығы мен ерік-жігерінен басқа, бұл нұсқаларға озық және жаңа жабдықтар, жаңа соғыс әдістері және ең бастысы, жаңа соғыс ареналары кіреді», - деді.
Генерал Акраминиа атысты тоқтату туралы жариялауы Америка Құрама Штаттарының екіжүзді әрекеті екенін айтып, былай деп қосты: «Олар Иран жоспарын келіссөздердің негізі ретінде қабылдайтындарын және сол жоспар негізінде Пәкістанда келіссөздерді бастауға дайын екендіктерін мәлімдеді. Бірақ онда олар бастапқы мәлімдемелеріне қайшы келетін мәлімдемелер жасады, бұл келіссөздердің тоқтатылуына әкелді. Қалай болғанда да, жаудың атысты тоқтатуға бет бұруы жаудың өз мақсаттарына жете алмағанын көрсетті».
Ол былай деа айтты: «Біз, ИИР-ның Қарулы Күштерінде, әлі күнге дейін атысты тоқтату жағдайын соғыс жағдайы деп санаймыз. Біз жауға мүлдем сенбейміз және бұл жағдайда күштерімізді жаңартуға және нысанаға алуға тырыстық».