Бақаи: Юсефидің рекордтық сәті Иран халқының ерік-жігерінің көрінісі болды
ParsToday - Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Иранның ұлттық зілтеміршісі Алиреза Юсуфи 261 келі салмақты көтеріп, әлем рекордын жаңартқан сәт ұлттың ерік-жігерін көрсетті»,- деп жазды.
ParsToday хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақаи X әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында былай деп жазды: «Әлиреза Юсуфи 261 келі салмақты көтеріп, әлем рекордын жаңартқан сәтте бір ұлттың еркі көрінді».
Бақаи былай деп баса айтты: «Чемпион медальін және әлемдік рекордты жаңарту құрметті Минаб шәһидтеріне тапсыру және арнау күш-қуат, құлшыныс пен отанға деген сүйіспеншіліктің бірлестігінің көрінісі болды».
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Алиреза Юсуфиге сәлем! Иранның атын әлем биігіне асқақтатқан балуан».
Иранның 110+ келі салмақ дәрежесіндегі зілтеміршісі Алиреза Юсефи осы санаттағы қос қимылда жаңа әлемдік рекордты тіркей отырып, Азия чемпионатының қос алтын және күміс жүлдесін жеңіп алды.