Бақаи: Юсефидің рекордтық сәті Иран халқының ерік-жігерінің көрінісі болды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84276-Бақаи_Юсефидің_рекордтық_сәті_Иран_халқының_ерік_жігерінің_көрінісі_болды
ParsToday - Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Иранның ұлттық зілтеміршісі Алиреза Юсуфи 261 келі салмақты көтеріп, әлем рекордын жаңартқан сәт ұлттың ерік-жігерін көрсетті»,- деп жазды.
(last modified 2026-05-18T11:55:08+00:00 )
Maм 18, 2026 16:52 Asia/Almaty
  • Бақаи: Юсефидің рекордтық сәті Иран халқының ерік-жігерінің көрінісі болды

ParsToday - Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Иранның ұлттық зілтеміршісі Алиреза Юсуфи 261 келі салмақты көтеріп, әлем рекордын жаңартқан сәт ұлттың ерік-жігерін көрсетті»,- деп жазды.

ParsToday хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақаи X әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында былай деп жазды: «Әлиреза Юсуфи 261 келі салмақты көтеріп, әлем рекордын жаңартқан сәтте бір ұлттың еркі көрінді».

Бақаи былай деп баса айтты: «Чемпион медальін және әлемдік рекордты жаңарту құрметті Минаб шәһидтеріне тапсыру және арнау күш-қуат, құлшыныс пен отанға деген сүйіспеншіліктің бірлестігінің көрінісі болды».

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы: «Алиреза Юсуфиге сәлем! Иранның атын әлем биігіне асқақтатқан балуан».

Иранның 110+ келі салмақ дәрежесіндегі зілтеміршісі Алиреза Юсефи осы санаттағы қос қимылда жаңа әлемдік рекордты тіркей отырып, Азия чемпионатының қос алтын және күміс жүлдесін жеңіп алды.