IRIB-тің шекарааралық тәсілі соңғы соғыстағы ұстанымы қандай болды?
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84328-irib_тің_шекарааралық_тәсілі_соңғы_соғыстағы_ұстанымы_қандай_болды
ParsToday - Иран Ислам Республикасы Телерадио бірлестігінің Шетелдік торабының директоры жақында таңылған соғыстағы осы департаменттің жұмысына тоқталып, тікелеу дееркетер, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалануға назар аударды.
(last modified 2026-05-21T11:53:40+00:00 )
Maм 21, 2026 16:48 Asia/Almaty
  • IRIB-тің шекарааралық тәсілі соңғы соғыстағы ұстанымы қандай болды?

ParsToday - Иран Ислам Республикасы Телерадио бірлестігінің Шетелдік торабының директоры жақында таңылған соғыстағы осы департаменттің жұмысына тоқталып, тікелеу дееркетер, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалануға назар аударды.

ParsToday хабарлауынша, ИИР Телерадио бірлестігінің Шетелдік торабының директоры Ахмад Наурузи жақында болған соғыс және департаменттің әлемдік аудиторияны елдегі оқиғалармен және соғыс кезіндегі тікелей деректермен таныстыруға қаншалықты тырысқаны туралы айтты. Mehr News Agency-ге берген сұхбатында ол былай деді: «Жақында таңылған соғыста және болған оқиғаларды ескере отырып, жаңалықтар басымдыққа ие болды. Халықаралық хабар тарату қызметінің директоры IRIB-тің басқа департаменттерімен бірге алғашқы жаңалықтарды көрсетуге тырысты. Менің ойымша, департамент бұл тұрғыда жақсы жұмыс істеді».

 

Ағылшын, араб және испан тілді аудитория

Хабарларға қай тілдерде ең көп назар аударды деген сұраққа ол былай деп түсіндірді: «Әрине, сол тілдің аудиториясы қай жерде кең болса, аудитория да соғұрлым көп болады. Тиісінше, ағылшын тілі ең көп аудиторияға ие болды, одан кейін араб және испан тілдері келеді, тілдерді осы басымдық бойынша жіктеуге болады».  

 

Жасанды интеллект бейнелерінің танымалдығы артты

Жаңалықтар мен аналитикада жасанды интеллекттің қолданылуына тоқтала отырып, Наурузи былай деп қосты: «Жаңалықтарды өңдеу, талдау және заманауи технологияларды, әсіресе жасанды интеллектті пайдалану саласында біз осы кезеңде Иранның жалпы БАҚ кеңістігінде қолайлы қолданыстың куәсі болдық. Жасанды интеллект әсіресе талдау бөлімінде кеңінен және әртүрлі түрде қолданылды. Шығарылған кейбір бейнелер де кең әсер етті».

Қорытындылай келе, ол халықаралық БАҚ-қа шақырулар тоқтамағанын атап өтіп, былай деді: «Қазіргі уақытта екі БАҚ туры өткізілді және осы күндері Иранға кіруге қызығушылық танытқан кейбір ирандық емес БАҚ өкілдері елге келді. Менің ойымша, бұл әрекет тиімді және толықтырушы әңгіме ретінде маңызды болды».