Әлем чемпионаты-2026: Иран Мысырмен тең түсті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84790-Әлем_чемпионаты_2026_Иран_Мысырмен_тең_түсті
ParsToday - Әлем чемпионаты – 2026: Иран мен Мысыр ұлттық футбол құрамалары арасындағы кездесу 1-1 есебімен тең аяқталды.
(last modified 2026-06-27T11:21:42+00:00 )
Маусым 27, 2026 15:06 Asia/Almaty
  • Әлем чемпионаты-2026: Иран Мысырмен тең түсті

ParsToday - Әлем чемпионаты – 2026: Иран мен Мысыр ұлттық футбол құрамалары арасындағы кездесу 1-1 есебімен тең аяқталды.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Әлем чемпионаты - 2026 G тобындағы Иран мен Мысыр ұлттық футбол құрамалары арасындағы кездесу сенбі күні таңертең Тегеран уақыты бойынша сағат 06:30-да АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы «Ломан Филд» стадионында Польшадан келген төреші Шимон Марчинактың басшылығымен өтті, кездесу 1-1 есебімен тең аяқталды.

Ойынның 4-ші минутында Мысыр ұлттық футбол құрамасының Иран қақпасына жасаған алғашқы ауыр шабуылында Махмуд Сабер ойынның алғашқы голын соғып, Мысырға ирандықтардан басымдық берді.

Ойынның 14-ші минутында Иран ұлттық футбол құрамасы Мысыр қақпасына шабуыл жасап, Милад Мұхаммадидің қауіпті соққысын Шобир тосқауылға алды, бірақ Рамин Резаян Мысыр қақпасын жақын бұрыштан аша алды.

Осы топтағы матчтардың соңында Бельгия бірінші құрамда 5 ұпай және +3 доп айырмашылығымен, ал Мысыр екінші құрамда 5 ұпай және +2 доп айырмашылығымен келесі кезеңге өтті. 3 ұпай және нөл доп айырмашылығымен Иран ұлттық футбол құрамасы алға шығу үшін топтық кезең ойындарының соңын күтуге мәжбүр болады.

Иранның жалғыз голын соққан Рамин Резаян ойыннан кейін үздік ойыншы болып таңдалды. Резаиян Жаңа Зеландияға қарсы ойында үздік ойыншы атанды.

Әлем чемпионатында Мысырға гол соғу арқылы Резаиян осы жарыстар кезінде Иран тарихындағы ең үздік бомбардир атанды.