Шәһид болған күрескер жетекші Имам Хаменеидің жаназа намазы оқылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84884-Шәһид_болған_күрескер_жетекші_Имам_Хаменеидің_жаназа_намазы_оқылды
ParsToday - Аятолла Джафар Собхани  Тегерандағы Имам Хомейнидің (р.а.) атындағы діни-мәдени кешенде шәһид болған күрескер жетекші Имам Хомейнидің (р.а.) және оның отбасының жаназа намазын оқыды.
(last modified 2026-07-06T14:11:43+00:00 )
Шіл 05, 2026 15:37 Asia/Almaty
  • Шәһид болған күрескер жетекші Имам Хаменеидің жаназа намазы оқылды

ParsToday - Аятолла Джафар Собхани  Тегерандағы Имам Хомейнидің (р.а.) атындағы діни-мәдени кешенде шәһид болған күрескер жетекші Имам Хомейнидің (р.а.) және оның отбасының жаназа намазын оқыды.

ParsToday IRNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ислам революциясының шәһид көсемі мен оның отбасы үшін үш рет жаназа намаз оқылды; бірінші кезекте шәһид көсем аятолла Сейед Әли Хаменеидің  жаназа намазы, екінші кезекте шәһид Сейеде Бушра Хұсейни Хаменеидің, шәһид Мисбах-ул-Хода Бақеридің және шәһид Захра Хаддад Адельдің жаеаза намазы оқылды, ал үшінші кезекте шәһид көсемнің немересі Заһра Мұхаммади Голпайеганидің жаназа намазы оқылды.

25 ақпанда американдық-сионистік жаудың қатыгез және террористік шабуылы кезінде шәһид болған Ислам революциясының жетекшісімен және оның отбасымен қоштасу рәсімі 4 шілде, сенбі күні таңғы сағаттарда Тегерандағы Имам Хомейни (р.а.) атындағы діни-мәдени кешенде басталды. Исламдық Иранның түсінігі мен парасатты халқының кеңінен және ынтамен қатысуымен өтетін бұл ұлы және тарихи оқиға тек ұлттың шәһид көсемімен соңғы қоштасу орны ғана емес, сонымен қатар революция имамдарының, исламның, революцияның және шәһидтердің биік мұраттарымен келісімнің жаңартылуы және ұлттың осы илаһи жердің қадір-қасиетіне, тәуелсіздігіне және қарсылығына адалдығының символы болып табылады.

Шәһид болған Ұлт имамы және шәһид доктор Мисбах әл-Хода Бақери Кани, шәһид Сейеде Бушра Хаменеи, шәһид Заһра Хаддад Адель және шәһид Заһра Мұхаммади Голпайганимен  қоштасу рәсімі жексенбі кешке дейін Имам Хомейни (р.а.) атындағы діни-мәдени кешенде жалғасады.

7 шілде, сейсенбіде Құмда қоштасу рәсімі, соңында 9 шілде, бейсенбіде, мухаррам айының 24 жұлдызында Мешхедте Имам Реза (ғ.с.) кесенесінде жерлеу рәсімі жоспарланған.

Сонымен қатар, революцияның шәһид көсемімен қоштасу рәсімі сәрсенбі, 8 шілде Наджаф және Кербала қалаларында өтеді деп жоспарлануда.