Эжеи Иранның Сот билігінің басшысы болып қайта тағайындалды
ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі аятолла Сейед Моджтаба Хаменеи өз жарлығымен Ходжатолеслам Уәлмуслемин Мохсени Эжеиді Иранның Сот билігінің басшысы етіп қайта тағайындады.
ParsToday хабарлауынша, Ислам революциясы жетекшісінің жарлығының мәтіні келесідей:
Аса Мейірімді және Рақымды Аллаһтың атымен
Құрметті Мохсени Эжеи, табыстарыңыз жалғаса берсін
Сіздің құнды және шынайы күш-жігеріңіз үшін Конституцияның 157-ші бабына сәйкес, сізді Сот билігінің басшысы етіп тағайындаймын.
Біздің шәһид болған көшбасшымыздың көтерген талаптары мен 28 маусымдағы (1405 жылдың 8-ші тиріндегі) жолдауымда айтылған мәселелер өзгеріске, өркендеуге және қалаған сот жүйесіне қол жеткізуге апаратын жол болып табылады.
Сіздің, құрметті судьялардың және сот жүйесіндегі құрметті әріптестеріңіздің күш-жігерінің арқасында және хазірет Мәһдидің (ғ.с.) дұғалары арқылы асыл Иран халқы оның нәтижелерінен пайда көреді деп үміттенемін.
Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи