Кемелердің көпшілігі Ормуз бұғазындағы Иранның жолы арқылы өтті
ParsToday - Kpler теңіз деректерін бақылау компаниясы Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелердің басым көпшілігі Иран белгілеген жол арқылы өткенін хабарлады.
ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Теңіз деректерін бақылау компаниясы Kpler деректеріне сүйене отырып, барлығы 11 кеменің ішінде 9 кеме Иран суларына жақын бағытты таңдаған. Бұл кемелер негізінен шикі мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ, метанол және темір кенін тасымалдаумен айналысқан және Иранның теңіз саудасымен байланысты болған.
Аймақтағы шиеленіс күшейіп, теңізге шектеулер күшейген сайын, кейбір кеме компаниялары тәуекелді азайту үшін Ормуз бұғазы арқылы өтетін бағыттарын өзгертті. Kepler бағалауы бойынша, соңғы айларда Иран жағалауына жақын бағытты пайдалану артты.