Генерал-майор Резаи: Аймақтың болашағында Американың орны болмайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85274-Генерал_майор_Резаи_Аймақтың_болашағында_Американың_орны_болмайды
ParsToday - Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: «Аймақ елдері өз болашағын өздері шешеді, ал Американың аймақтың болашағында орны болмайды», - деді.
(last modified 2026-08-25T12:45:23+00:00 )
Там 25, 2026 17:42 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Резаи: Аймақтың болашағында Американың орны болмайды

ParsToday - Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы: «Аймақ елдері өз болашағын өздері шешеді, ал Американың аймақтың болашағында орны болмайды», - деді.

Ирак Жоғарғы Сот Кеңесінің басшысы Фаиқ Зейданмен кездесуінде Иран Жоғарғы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы генерал-майор Мохсен Резаи Иран мен Ирак арасындағы тарихи және мәдени ортақтықтарға тоқталып, аймақтық ынтымақтастыққа баса назар аударды және Иран Ислам Республикасының тәуелсіз және күшті Иракты қалайтынын атап өтті.

Американың аймақтың болашағында орны болмайтынын баса айта отырып, ол: «Аймақ елдері өз болашағын өздері шешеді», - деп мәлімдеді.

Иранның Жоғарғы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы екі ел шекарасында орналасқан Иранға қарсы топтардың мәртебесін анықтау қажеттілігін де атап өтті.

Келесі кезекте, Фаиқ Зидан Иран мен Ирак арасындағы тарихи және мәдени ортақтықтарға тоқталып, Иранның қолдауына алғысын білдірді.

Ирак Жоғарғы Сот Кеңесінің басшысы аймақтық ынтымақтастыққа баса назар аудара отырып, екі елдің ортақ шекараларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін баса айтты.