Киберкеңістіктегі қоғамдық дипломатия: Қазақстандық танымал тұлғалар Иранның ұлттық нышандарымен көрінгенде
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i85500-Киберкеңістіктегі_қоғамдық_дипломатия_Қазақстандық_танымал_тұлғалар_Иранның_ұлттық_нышандарымен_көрінгенде
ParsToday - Қазақстанның әлеуметтік желідегі екі танымал тұлға Иранның ұлттық нышандарын дәріптейтін контент жасау арқылы елдің мәдени бірегейлігін миллиондаған шетелдік аудиторияға таныстырудың жаңа мүмкіндігін ашты.
(last modified 2026-10-14T05:07:49+00:00 )
Қаз 14, 2026 10:06 Asia/Almaty
  • Киберкеңістіктегі қоғамдық дипломатия: Қазақстандық танымал тұлғалар Иранның ұлттық нышандарымен көрінгенде

ParsToday - Қазақстанның әлеуметтік желідегі екі танымал тұлға Иранның ұлттық нышандарын дәріптейтін контент жасау арқылы елдің мәдени бірегейлігін миллиондаған шетелдік аудиторияға таныстырудың жаңа мүмкіндігін ашты.

ParsToday Иран Телерадио бірлестігі хабар тарату агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Әлеуметтік желілердегі мәдени мазмұн жасаудың соңғы толқыны аясында, жаһандық деңгейде 60 миллион аудиториясы бар 19 жастағы қазақстандық тиктокер Омар Алиев Иран Ислам Республикасының туы мен әнұраны бейнеленген видеоны жариялау арқылы өзіңе ирандық және халықаралық қолданушылардың назарын аудартты.

Әлем елдерінің тілдерін, мәдениеттері мен ұлттық нышандарын көрсетуге баса назар аударатын әлеуметтік желідегі бұл танымал адам жақында жариялаған жазбасында Иранның ұлттық нышандарына қатысты ерекше көзқарасын білдірді; елдің мемлекеттік әнұраны орындалып жатқанда Иран туын ұстап, құрмет көрсеткен ол өз парақшасында Иранның ұлттық рәміздері туралы ерекше әңгімемен бөлісті.

Әлиевтің бұл қадамы оның ресми органдардың шақыруымен сол елдердің мәдени әлеуеті мен дәстүрлерін таныстыру мақсатында бұған дейін Катар мен Өзбекстан сияқты мемлекеттерге сапар жасауынан кейін жүзеге асырылып отыр.

Ұлттардың мәдени ерекшеліктерін көрсетуге бағытталған, мазмұнға негізделген оның тәсілі Қазақстанның географиялық шекарасынан тыс жерлердегі миллиондаған көрерменді қызықтыра алды.

Әлемдік негізгі бұқаралық ақпарат құралдары елдер туралы көбінесе саяси реңк алған, кейде тіпті біржақты бейне қалыптастыратын тұста, ұлттық нышандарды құрметтеуге негізделген мәдени мазмұнды жасау халықтарды шынайы тануға жаңа жол ашуы мүмкін.

Бұл TikTok қолданушысының парақшасында Иранның туы мен мемлекеттік әнұранының көрсетілуі Иранның ұлттық болмысын халықаралық аудиторияға таныстыруға және халықтар арасындағы мәдени диалогты дамытуға мүмкіндік туғызды.

Дегенмен, интернет-сарапшылар бұл қадамды «мәдениетті насихаттау» шаралары аясында қарастыру қажеттігін баса айтады; өйткені нақты саяси пікірсіз мұндай бейнежазбаларды бөлісу саяси ұстанымды емес, жаһандық платформалардағы әлеуметтік өзара іс-қимылдың өсіп келе жатқан үрдісін көрсетеді.

Сонымен қатар, Иранды қолдауына байланысты қазақстандық футболшы әрі медиа тұлғасы Әлішер Келгенбайдың есімі де интернет кеңістігінде атала бастады; мұндай әрекеттерді тереңірек талдау қазіргі медиа ортасындағы Иранның қоғамдық және мәдени дипломатиясының әлеуетін айқынырақ көрсете алады.

Иранның ұлттық нышандарының әлемге танымал тұлғалардың парақшаларында пайда болуы мәдени хабардарлықты арттыру және халықаралық аренада ирандық бірегейліктің көрініс табуын күшейту жолындағы оң қадам ретінде бағаланады.

Алматыдағы Иран Ислам Республикасының Мәдени орталығы Иран мәдениеті мен өркениетін кеңірек таныстыруға бағытталған халықаралық «Бізге Иран туралы айтып беріңіз» науқанына қатысу үшін қазақстандық екі медиа өкілін шақыруды жоспарлап отыр. Бұл бастама әлемнің түкпір-түкпірінен келген медиа мамандарын, деректі фильм жасаушыларды, кинорежиссерлер мен интернет-белсенділерді Иранға сапарлап баруға және өздерінің жеке тәжірибесі мен бақылауларына сүйене отырып, елді әрі оның халқының ғылым, білім, мәдениет және өнер салаларындағы жетістіктерін көрсетуге шақырады.