Қазақстанда Иранның ынтымақтастығымен тарих пен дінді кеңейту мәселелеріне арналған отырыс өтті
(last modified Sun, 10 Jul 2016 08:46:45 GMT )
Шіл 10, 2016 14:46 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Иранның ынтымақтастығымен тарих пен дінді кеңейту мәселелеріне арналған отырыс өтті

Қазақстандағы Иранның мәдени өкілдігі қазақстандың және осы елде орналасқан кейбір мысырлық ұйымдардың ынтымақтастығымен «Тарих: аймақ пен Қазақстанда дінді тарату» деп аталған арнайы отырыс өткізді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, аталмыш отырыстың мақсаты ИИР-ның аймақ пен әлем дағдарыстарына, әсіресе діни келіссөздерге қатысты жоғары ой-пікірлерімен таныстыру болған.

Бұл отырыста Аламтыдағы Иранның мәдени өкілдігінің директоры Маджид Камрани Иранның дін саласындағы данышпандарының аймақ пен Қазақстандағы дінді дамытуы рөліне тоқталып, осы саладағы қоқан-лоққыларды еске салып, экстремизмді ислам дінінің аймақтағы негізгі дұшпаны деп атады. Ол лаңкестік деген сұм құбылыспен күресіп, оны тамырымен жою үшін халықтар мен үкіметтердің ортақ ынтымақтастық жасауына мүдделік танытып, Иранның бұл салада арнайы отырыстар өткізуге әзірлігін мәлімдеді.