Шіл 12, 2016 22:39 Asia/Almaty
  • Қазақстанның 12 азаматы

Ақтөбе қаласының сот мекемесі осы қаланың 12 тұрғынын лаңкестік әрекеттер жасауға ұмтылды деген айыппен 6-8 жылға дейін бас бостандықтарынан айыруға үкім шығарды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің «Қазинформға» сілтеме жасап хабарлауынша, Ақтөбе қаласының сот мекемесі бүгін сейсенбі күні ДАИШ- тің мүшесі болып, Сирияға сапар шегуді мақсат еткен осы қаланың 12 тұрғынын 6-8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сот мекемесінің баспасөз бюросының хатшысы Анар Айтжанова: «Сотталған кісілер ғаламтор арқылы өздерін қызметке алғандармен халықаралық лаңкестік ұйымдарға қосылу үшін байланыста болып, Өзбекстан мен Қырғызстанның жалған паспортын алуға талпыныс жасады. Сондай- ақ олардың бірі осы топты қаржымен қамтамасыз етіп келген.

Осы кісілерді құрықтау кезінде банк есеп шотынан бір миллион теңге (шамамен 3 мың доллар), қолдарынан 5 мың 700 доллар қаржы тәркіленді» деді.

Қазақстан қауіпсіздік қайраткерлерінің айтуынша, қазіргі кезде осы елдің 400 азаматы ДАИШ лаңкестік тобының құрамында Сирия мен Ирактағы соғыстарға қатысып жатыр.

Тегтер