Шіл 18, 2016 16:58 Asia/Almaty
  • Қазақстанда террористік қауіпсіздіктің

Қазақстан ІІМ Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ-да екі полиция қызметкері өлтірілген соң террористік қауіпсіздіктің "қызыл деңгейі" белгіленгенін жариялады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің Алматыдан хабарлауынша, бүгін таңертеңгі сағат он бірге таман үш қарулы адам Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ-на кіріп, оқ атып, екі полиция қызметкерін өлтірген соң, оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция қастандық жасаушылардың бірін оқиға орнынан қашқан соң жол қиылысында қолға түсірді. Осы оқиғаға қатысты өзге үш адам ұсталды.

Аталмыш оқиға орын алған соң Қазақстанның ІІМ террористік қауіпсіздіктің "қызыл деңгейін" жариялады. Осындай жағдайда полицияға көліктер мен үйлерге және өзге де мекендерге еш кедергісіз тінту жүргізуге рұқсат етіледі.

Өткен маусым айының бесі күні де Ақтөбе қаласында ұлттық "Ұланның" бір әскери бөлімшесі мен қару сататын дүкенге жасалған лаңкестік шабуылдан 23 адам қаза болды.

 

 

 

 

Тегтер